«Қазақстан - рухани келісім орталығы»

 

Балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқу залында Рухани келісім күніне орай «Қазақстан - рухани келісім орталығы» атты хабарлама сағаты өтті.

 

Мәдени шараға №16 мектептің 9 сынып оқушылары және Семей көпсалалы колледжінің 1 курс студенттері мен Қайнар колледжінің студенттері қатысты.

 

Шараға № 16 мектептің дінтану пәнінің мұғалімі Исенғожина Назгүл Тұрсынғазықызы, Шәкәрім атындағы педагогика университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Абикенов Мұхит Төкенұлы, «Ахау-Семей» орталығының жетекшісі Күлжихан Жұматайқызы, Татар орталығының мүшесі Анар Амангелдіқызы қатысып, Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылыққа Елбасының сарабдал саясаты арқасында қол жеткізіліп отырғанын атап өтті. Бұл ретте әр адамның рухани келісім туралы түсінігінің молдығы да маңызды. Елімізде түрлі ұлт өкілдері діни наным-сенімдерінің әртүрлілігіне қарамастан, тату-тәтті өмір сүріп келеді деп ой-пікірлерін білдіріп, ел бірлігінің маңызы зор екендігін атап көрсетті.

 

 

 

 

 

Шараның мақсаты: Қазақстанның құндылықтары - Тәуелсіздікті, бейбітшілікті, қоғамдық келісімді, отансүйгіштікті, ел жетістігінің басты кепілі ретінде этноаралық және конфессиялық толеранттылықты әрі қарай нығайту.

 

Колледж, мектеп оқушылары рухани келісім туралы өз ойларын айтса, № 16 мектеп оқушысы Аханғали Томирис «Рухани келісім» атты өзі шығарған өлеңін оқыды. №16 мектептің кітапханашысы Айгүл Пизулиқызы өз ойын айтып іс-шараға қатысқандарға рахметін айтты.

 

225445658 367567656790 45758769867982345