13.02.2011 22:31

«Отанымыздың болашағы –жастарға

аманат қылып Кітап қалдырамыз»

Н.Ә.Назарбаев.

Семинарда жастардың оқуы қандай дәрежеде, жасөспірімдерді кітапханаға тарту әдіс-тәсілдерін қолдану, кітапханалардың жас пайдаланушыларымен жұмысы, оқырманның көкейінен шығатын кітапханалар жұмысын ұйымдастыру, жеке адам немесе көпшілік оқырманмен жұмыс жасаудағы дәстүрлер және жаңашылдық сияқты мәселелер туралы «Қоғамдағы кітап пен оқу мәдениетін қалыптастырудағы кітапхананың ролі» тақырыбы аясында Дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі А.С.Тойсбаеваның баяндамасы тыңдалды.

1

Келесі сөз кезегін алған №12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері Л.Г.Пожидаева «Ақпараттық қоғамдағы әйелдердің орны» тақырыбына тереңірек тоқталып, Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мақсатында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өткізілген мәдени іс-шаралардың әйел азаматтарға заман талабына сай жаңа бағытта дамуына қаншалықты ықпал ететіні туралы айтып өтті.

2

Бүгінде зерттеушілер елімізде ересек адамдардың 50 пайызының мүлде кітап оқымайтынын айтып жүрсе, кітапханашыларды қазіргі заманда студенттердің көбі әдеби кітап оқуға құлықсыз екенін, ал көркем әдебиетті оқымаған болашақ маман иесі рухани мүгедек болып қалатыны алаңдатуда. Қазіргі кездегі жастардың әдеби тұрғыдағы тіл байлықтарын арттыру жолында, көркем әдебиеттерді көп оқулары үшін атқарып жатқан жұмыстары мен іс-шаралары, олардың танымдық, тәрбиелік маңызы туралы «Көркем әдебиет және жастардың оқу мәдениеті» тақырыбында Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкері Ш.М.Битибаева өз тәжірибесімен бөлісті.

3

Ал, №6 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі Б.Г.Жумабекова «Өлкетану әдебиетін насихаттаудағы кітапхананың ролі» туралы сөзінде өлкетануға байланысты пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартып, жаңа қызмет түрлерін енгізіп, жаңа әдістерін пайдалана отырып атқарған жұмыстың маңызы зор екендігі жайлы өз ойымен бөлісіп,

4

ақпарат орталығы ғана емес рухани орда болып табылатын кітапханадағы оқырман талабына сай, оқырмандардың шығармашылық қабілетін дамыту және ақпараттық мәдениетін көтеру мақсатында, халқымыздың мәдени мұрасы және әдет-ғұрыптарымен таныстыратын, салауатты өмір салтын насихаттайтын балалармен жұмыс жүргізетін клубтар жұмысы туралы Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Н.М.Ерденбекова «Кітапхана жастардың рухани және шығармашылық тұрғыда даму ортасы» тақырыбы аясында жалғастырды.

5

Кітапхана саласының аса маңызды бөлігі библиографиялық қызмет. Библиография – оқырманның ақпарат алу көздерін жеделдетіп қана қоймайды, ол ғылыми дәлдік пен аса тиянақтылықты қажет етеді. Сондықтан осынау қызықты да қиын жұмыстың теориялық негіздерін қазіргі заман талаптарын ескере отырып, талдап көрсету аса білімдарлықты қажет етеді. «Қазіргі кездегі ақпараттық-библиографиялық қызмет, жұмыс барысында жаңа технологияны қолдану» тақырыбына Ақпараттық-библиографиялық және Автоматтандыру бөлімінің меңгерушілері М.О. Маханбетова мен М.Н.Мустина тоқталып өтті.

6

7

Міне осылайша, мамандар кәсіби білімдерін күнделікті жұмыс барысында кеңінен қолданып, оқырмандар сұранысын жоғары деңгейде өтеуге ұмтылса, кітапхана атаулы Ақпарат Орталығына айналады деген сеніммен келесі сөз кезегін «Жыл қорытындысы бойынша жеткен жетістіктер, мәселелер, міндеттер» туралы ой түйіндеуге кітапхана ісі бойынша директор орынбасары Г.Т.Молжигитова алды.

9

Аталмыш шарада слайд-бейнефильмдер көрсетіліп, атқарылған жұмыстарға есеп беріліп, іс-тәжірибемен бөлісіп, маңызды сұрақтар талқыланып, ұтымды ойлармен толықтырылды.

Жалпы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Бұл жұмыстардың барлығы болашақ жастардың игілігі үшін екені мәлім. «Кітап маған тақтан да қымбат» - деген У.Шекспирдің, «Артық білім – кітапта» деп ақыл қосқан Абай Құнанбаевтің сөздерін еске ала отырып сөз соңында, кітапхана саласы мамандарына, әріптестерімізге жаңа жылға жоспарлаған барлық жұмыстарыңызды іске асырып, оқырмандарыңыздың ықыласы мен алғысына бөленіп, еңбектеріңіздің жемісті, табысты болуына тілектеспіз дегіміз келеді.

Дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі

Тойсбаева Альмира Советқанқызы

LAST_UPDATED2