11.10.2013 12:32

Кино – өнертану ғылымының дербес саласы. Қазақ киносының даму мәселелерін қозғайтын алғашқы мақалалар 1930 жылы жарық көрді. Қазақ киножурналистикасының басында Ә.Жангеллдин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жүргенов, І.Омаров және т.б. тұрды.

Бүкілодақтық кинематография институты сценарий бөлімінің алғашқы түлектерінің бірі Қабыш Сиранов (1914-1978) қазақ киносының бірінші тарихшысы болды.

1958 жылы Алматыда оның «Қазақ кино өнері» атты кітабы жарық көрді.

XX ғасырдың 80-ші жылдары қазақ кино ғылымы жаңа сатыға көтерілді. Қазақ киносы түрлері, жанрлары және тақырыптық бағыттары бойынша зерттеле бастады.

Әдебиет және өнер институты кино саласындағы бір топ мамандарды «Қазақ киносы тарихының очерктерін» (1980) жазуға жұмылдырды. Қазақ киноөнерін насихаттауға атсалысқан Қ.Смайлов («Фильм осылай туады», «Қазақ киносының тарихы» кітаптары), Б.Нөгербек («Кино Казахстана» т.б.), А.Қайырбаев («Экрандағы кездесулер, Естелік беттері») т.б кітаптарында қазақ кино тарихы мен теориясына байланысты құнды деректер бар.

Халықаралық кинофестивальдерде қазақ көркем фильмдері: «Ана туралы аңыз» (1963,1964), «Менің атым Қожа» (1964, 1967), «Атамекен» (1966), «Транссібір экспресі» (1977, 1978), «Сүйрік» (1984, 1985), «Бөтен Ақ және Шұбар» (1986) жүлде алды.

Тәуелсіздік алған соң Қазақстан кинематографиясы жаңа белестерге көтеріле бастады. 1998 жылы кинорежиссерлер Д.Өмірбаевтың «Қайрат», Ә.Қарақұловтың «Күйдіргі», «Көгершін өсіруші», Т.Теменовтің «Қызғыш құс», Е.Шынарбаевтың «Сұрқай үшбұрыштағы орын», С.Тәуекелдің «Батыр Баян» т.б. Фильмдері түрлі халықаралық кинофестивальдерде марапатталды.

2005 жылы Ресейдің «Ника» кинопремиясында С.Апрымовтың «Аңшы» фильмі жүлделі оралды.

Алматыда 2003 жылдан «Шәкен жұлдыздары» атты Кинофестиваль дәстүрлі түрде өткізіледі.

 

Апрымов Серік

Әбишев Ораз

Әкимов Динмухаммед

Белбаев Байкенже

Бегалин Мажит



LAST_UPDATED2