11.10.2013 12:28

XIX аяғы - XX ғасырлардың басында Ертіс жағасында Қазақстанда бірінші рет әуендік және драма өнерін сүюшілер коғамы - 1890 жылы Семейде, бірінші әуесқой спектакль қойылымдары 1902 жылы - Өскеменде, Дулатовтардың үй театры - Көкпекті ауданында 1905 жылы пайда болды. Қазақстандағы мамандандырылған театр негізі 1913-1914 жылдарға келеді, сол кезде «Шығыс кештері» өткізіле бастады. 1917 жылы Ойқұдық ауылында, қазіргі Абай ауданында мамандырылған қазақ театрының бірінші шымылдығы көтерілді, М. Әуезов пьесасы бойынша «Еңлік - Кебек» спектаклі қойылды. Бір жылдан кейін «сахналық өнер қайраткерлерінің одағы» құрылды. М. Әуезов 1920 жылы Семейде «Ес-Аймақ» студенттік жастар мен жұмысшылар театрын ұйымдастырды. Театр 1934 жылы мемлекеттік болды.

Достоевский атындағы Семей театры 1937 жылы театралдарды ресейдің және шет елдің классисымен таныстырды. Әртүрлі жылдарда облыстың театрларында ұлттық қазақ және орыс өнерлерінің көрнекті қайраткерлері - режисер Жұмат Шанин, сазгер Латиф Хамиди, мамандандырылған бірінші қазақ әншісі Әміре Қашаубаев, оның алтын дискісі Парижде сақталды, ақын - импроизатор Иса Байзақов, халық әртістері Құрманбек Жандарбеков, Тина Загвоздкина, Евгений Орел, Әбілқасым Жаңбырбаев жұмыс істеді.

Облыста Қазақстан Республикасының үш халық әртісі, солардың ішінде Күләш Сакиева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов - Семейдің Абай атындағы музыкалық драмалық театрдың әртістері, оннан астамы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері, екеуі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, оннан астамы ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері.

Аралбай Төлеубек

Ахметова Шайза

Әбдірахманова Гульсім

Рамазан Баймағамбетов

Досымжанов Байғали

Жаңбырбаев Әбілқасым

Иисова Туратай

Имаханов Бекен

Кыдыралин Сламбек

Омар Акшын

Тапенов Ерсаин


 

LAST_UPDATED2