Қазақстан футболының бір ғасырлық мерекесін тойлау күндері Семей қаласының Қалалық орталық кітапханасы мен Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан футболының тарихы» атты онлайн-конференция айтулы оқиға болды.
04.10.2013 09:50
1 2

3

Онлайн - конференцияға Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, өлкетанушы-тарихшы Өмірзақ Сұлтанов, ақын, абайтанушы-ғалым, ҚР журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, аудармашы Сұлтанбеков Мұрат, Татар қоғамдық-мәдени орталығы мұражайының қызметкері Файзуллин Шаукат, «Ярыш» футбол командасының капитаны Юнус Нигматуллиннің туысы Рамиса Нигмати, қаламыздағы өлкетану қоғамының өкілі, өлкетанушы-тарихшы Жуков Павел Николаевич, Қазақстан футболының 100 жылдығына арнайы жасалған эмблеманың авторы Чукеева Динара, қаламыздағы Жастар орталығының өкілі Коновалова Гюзалия және т.б. қонақтар қатысты.

 

4 5

 

        

Шара барысында Семейдегі алғашқы футбол ойынының қалыптасу кезі? Жалпы Семей футболы қалай басталды? Қазақ футболының заңғар жазушы Мұхтар Әуезов есімімен байланыстылығы, «Ярыш» командасы, «Ярыш» эмблемасы, сонымен қатар басқа да футбол командалары, олардың ойыншылары, футбол ардагерлері және т.б. көптеген сұрақтар төңірегінде қарағандылықтар кеңінен жауаптар алды.

            Германияның Бонн қаласынан арнайы осы айтулы мерейтойға келген Юнус Нигматуллиннің немере қарындасы Рамиса Нигмати өзінің «Разноликая жизнь», «В потоке созидания» атты өлең жинақтарын сыйға тартты.

            Онлайн-кездесу кезінде кезінде Қарағандылық «Шахтер» футбол командасының ардагерлері мен ойыншылары да өз пікірлерімен бөлісіп, әріптестердің қойған сұрақтарына жауап берді.

            Шара соңында кітапхана қызметкерлері онлайн-конференцияның қонақтарына алғыстарын айтып, естелік ретінде шағын сыйлықтарын табыстап, шығармашылық табыстар тілей отыра болашақта да бірлескен қызметтестікке шақырылды.