Тілді дамыту - мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан бұл мәселеге елімізде әрдайым аса үлкен назар аударылады. Осы мәселені талқылауға арналған «Жасай бер қазақ тілім - ана тілім» атты диспут Қалалық орталық кітапханада өтті.
02.10.2013 10:53

Оған Гуманитарлық-экономикалық колледж, Көпсалалы колледж, Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері қатысып, мемлекеттік тілді дамыту, оның қазақстандық қоғамда кең таралуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті.

            Іс-шараның мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тіліндегі дебат ойындарын жандандыру. Бүгінгі қазақ тіліне құрметпен, жауапкершілікпен қарау. Ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге және тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге шақыру.

            Диспут барысында әртүрлі пікірлер айтылды. Көпсалалы колледж студенті Иманбаева мемлекеттік тілді жетілдіру - ұлт болашағының, ұлт болып қалыптастырудың кепілі және қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан бұған басымдық беріп, айрықша көңіл бөліп, қолданыс аясын кеңейтіп, өрістететін шараларды іске асыруды жеделдету керектігі туралы айтса, Радиотехника және байланыс колледж студенті Икмбаев Нуржан, әрбір адам, әрбір маман, әрбір азамат, барлығы бірігіп мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге септіктерін тигізу міндетті деген ойын айтып ашық жеткізді.

            Диспутқа қатысушы студент оқырмандар қызу белсенділік танытып өз ойларын білдірді. Іс – шара қорытындысы бойынша біздің ұлт болып қалыптасуымыздың ең басты шарттарының бірі елімізде тұрып жатқан әр азаматтың қазақ тіліне құрметпен, жауапкершілікпен қарап, оның дамуына өз үлесін қосу керек деген жастар ортақ ойларын айтты. Іс-шарада «Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.



14 15