Ұлы ойшыл, қайталанбас дара тұлға Л.Н.Толстойдың туғанына 185 жыл толуына байланысты Қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде
25.09.2013 15:16

Қаржы және экономика колледжінің 1 курс студенттерімен «Толстой – бұл біртұтас әлем» атты саяхат – шолу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды Лев Николаевич Толстойдың шығармашылығымен таныстыра отырып, автор туралы мағлұмат беру. Туындыларының мазмұны мен идеясын ашу. Шығарма туралы өз ойын еркін айтып, өз пікірлерін қорғап, айқын да дәлелді сөйлеуге дағдыландыру.

Саяхат-шолу барысында Л.Н.Толстойдың өмірі мен шығармашылық жолына байланысты Мәскеу, Қазан, Ясная Поляна сияқты жерлер туралы ақпарат беретін слайдтар көрсетілді. Сондай ақ кітапханашы оның шығармаларымен бірге Толстой туралы жазылған кітаптармен және оның кейіпкерлерімен студенттерді таныстырып өтті.

А.М.Горькийдің сөзімен аталған: «Толстой – бұл біртұтас әлем» атты үнемі қолданыстағы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда – шығарма жинақтамалары және жеке туындылары, соның ішінде И.Репиннің, И.Крамскойдың репродуктивтік суреттері, Толстойдың замандастарымен түсірілген фотосуреттері, оның романдарына иллюстрациялар, олардың балаларының Толстой туралы естеліктері және т.б. өз орнын тапқан.

 

4