| Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен терең танысуға мүмкіндік алды. |
| 25.09.2013 15:02 | ||
|
2013 жылдың халық жаппай оқитын кітабы ретінде, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды. Осыған орай, акция аясында Орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде ақынның шығарамашылығына арналған «Қазақтың ақын қызы» атты портрет кеші ұйымдастырылды. Кешке Байланыс және радиотехника колледжінің студенттері қатысты. Кітапханамыздың шаңырағында өтетін әр іс – шараның мақсаты, өскелең ұрпақты поэзияны сүюге, ақынның жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, жерін сүюге, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылатыны белгілі. Осы орайда, кешімізге келген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шынар Серикқалиқызы акцияға байланысты өз пікірін білдірді. «Бір ел – бір кітап» акциясына арнайы, оқу залында ұйымдастырған «Фаризаның жауһар жырлары» атты кітап көрмесі қойылып, оған ақынның шығармалары, өлеңдер жинағы, әр жылдарда мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, жылы лебіздерге толы дүниелер оқырман назарына ұсынылды. Поэзия, алып-ұшқан лирика – адам жанына барынша жақын жанр. Қалматаев атындағы Медициналық колледжінің студеттері Бүгілбаева Айгерім, Нурабидуллаева Самал Фариза Оңғарсынованың шығармашылығынан өздері ұнатқан өлеңдерін мәнерлеп оқып берсе, Аманғазина Фариза ақынға арнауын паш етті. Лирик ақынның өлеңіне жазылған әндер әлемі де өзінше бір төбе. Оған қоса ақынға арналған ән – жырларда аз емес. Кеш барысында күмбірлеген күй де, тамылжытқан әндер де шырқалды. Оқырмандарға арнайы «Дауаға» байланысты бұндай ізгі шаралар әлі де жалғасын табатыны белгілі. Кітапханамыз әрқашан өз оқырмандарын құшақ жая қарсы алады!
|
||
| LAST_UPDATED2 |



























