Мирный кентіндегі кітапхана – бөлімшесінде №26 орта мектептің 11 «а»,11 «ә» сынып оқушылары арасында «Қайда барып оқимын және кім боламын» атты пікірсайыс өткізілді.
14.09.2013 13:49

Шараға сынып жетекшілері: Б.Ж.Шотабаева және А.Қ. Абуова, мектеп кітапханашысы О. Рымбосинова қатысты.

Шараның мақсаты: мамандық таңдау жолында әр түрлі көмектер және мамандықтың қиындығы мен жаңашылдығы, ауырлығы мен тиімділігін көрсету.

Пікірсайыс барысында кітапхана қызметкері әр мектептің алдында оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету міндеттері тұр. Мамандық таңдау – бұл тыңғылықты ойланып барып шешім қабылдауды талап ететін өте қиын сұрақ. Біріншіден, өзіңнің жеке қызығушылығың болу керек. Екіншіден, жеке мүмкіншілігіңді бағалауың керек. Үшіншіде, өзіңнің жеке қажетілігіңді зерттеп алып, алатын мамандығыңа сәйкестіндіру. Төртіншіден, өмірлік бағдарламаңда осы мамандық өзіңе не беретіндігін білу керектігіне тоқталды.

          Оқушылар екі топқа бөлініп, негізінен мамандық таңдағанда көбінесе мұғалімдік, дәрігерлік, технолог, сәулеткерлік, аудармашы, байланыс мамандықтарын таңдайтындарын айта келіп, сол мамандықтардың жақсы ерекшеліктері мен кездесетін қиыншылықтарын және мамандықтардың жаңашылдығын көрсетіп ойларын ортаға салып сайысты қыздыра түсті. Тақырыпқа арнайы атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд шоу көрсетілді.

 

1  2  3