Қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде «Қайда барып оқимын және кім боламын?» атты пікірсайыс №31 мектептің 11 сынып оқушыларына өткізілді.
07.09.2013 13:21

Оқушыларға мамандық таңдату оңай шаруа емес. Сол себепті әр мектептің алдында оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету міндеттері тұр.

Шара барысында кітапхана қызметкері  «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» - деп Ж.Аймауытовтың сөзін тілге тиек етіп, адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем деген ойларымен жалғастырды. Тақырыпқа арнайы «Қайда барып оқимын және кім боламын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд шоу көрсетілді.

LAST_UPDATED2