№6 кітапхана-бөлімшес№6 кітапхана-бөлімшесінде №8 мектеп-кешенінің 4-сынып оқушыларына арнап «Ашық есік күніне» орай «Білім кілті – кітапхана» атты қызықты ақпарат сағат өткізілді
07.09.2013 12:11

Шараның мақсаты: кітаптың адам өміріндегі маңызын, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, кітапты күтіп, таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.

            Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – кітапханалар. Кітапхана білімге ұмтылған оқырмандардың табылар жері, - деп кітапхана қызметкерлері өз сөзін бастап, оқырмандарды кітапхананың бөлімдерімен таныстырып, кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптармен мерзімді басылымдарға шолу жасады. Сонымен қатар кітапханамыз жаңа технологиямен жабдықталып, интернет жүйесіне қосылған, оқушылардың сабақтарына қолайлы «рефераттар», «заң» базасы, сканер, көшірме бар екені де айтылды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды кітап әлемімен таныстырып, кітапты құрметтеуге, онымен жұмыс жасай білуге шақырды. Кітап туралы қызықты оқиғалар мен мақал-мәтелдер айта отырып, балаларды кітапхана ережесімен таныстырып өтті. Балалар шараға белсене қатысып, көңілді сұрақтарға жауап берді

 

   alt alt

LAST_UPDATED2