Чернова Надежда
25.08.2013 10:41

Чернова Надежда 1947 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік журналистика факультетіне сырттай түсіп, Семей облыстық телестудиясында редактор, Көкшетау облысында орта мектепте мұғалім, Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші болған. Университетті бітіргеннен кейін «Жалын» баспасында редактор, «Ленинская смена» газетінде әдеби қызметкер, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті жанындағы шығармашылық жастар кеңесі төрағасының орынбасары болып істеген. 1980 жылдан бері «Простор» журналында бөлім редакторы. Жас жазушылардың Бүкілодақтық VII кеңесіне қатысқан.

Өлең жазумен бірге аудармамен де шұғылданады. К.Ахметованың өлеңдерін орысшалап, жеке кітап етіп шығарды. Өлеңдері қазақ, украин, якут, болгар тілдеріне аударылған.

2008 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты болды. «Құрмет» орденінің иегері.


Шығармалары:

Возраст августа. Стихи. А., «Жазушы», 1978;

Цветущий саксаул. Стихи. А., «Жалын», 1979;

Помню. Стихи. А., «Жазушы», 1982;

Кочевница. Стихи. 1986.

Бродячие сюжеты. А., «Жалын», 1988;

Звезды земли. (перевод стихов О.Анаева, 1988);

На два голоса. Ш., 1995;

Солнцеворот. Стихи. Астана., 2000;

Огнецвет. Стихи. Аударма., 2004;

Небесный дом. Стихи. А., 2006;

Картины Бытия. А., 2009;

Мороз- трава (книга прозы), А., 2009.