Туғанбаев Қашаф (1924-1993)
25.08.2013 10:33

1Қашаф Туғанбаев ақын.

1924 жылы 20 мамырда бұрынғы Семей облысының Абай ауданындағы Қайнар ауылында туған. Мектеп бітірген кейін аудандық «Социалды шаруа» газетінде хатшы болып қызмет істейді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда Семей облыстық лекция бюросында лектор, облыстық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі Абайдың мемориалдық мұражайында директор, Абай атындағы Семей облыстық театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі болды.

Лирикалық өлеңдер мен дастандардан құралған тұңғыш кітабы «Партбилет» деген атпен 1958 жылы шыққан. 1979 жылы «Бұлақ» өлең жинағы жарық көрді. Ұжымдастыру тұсындағы ауыл өмірін бейнелейтін «Қызыл Қатран» пьесасы облыстық театр сахнасында қойылған.

1993 жылы қайтыс болды.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 395.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. – Б. 154.

LAST_UPDATED2