Тілеужанұлы Зейнолла
25.08.2013 10:30

1Зейнолла Тілеужанұлы 1942 жылы 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысының (бұрынғы Семей облысы) Ақсуат ауданына қарасты «Қызыл қайың» ұжымшарында дүниеге келген. 1968 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. «Жетісу» облыстық газетінде, кинематография комитетінде, «Жаңа фильм» - «Новый фильм», «Еңбек таңы» журналдарында және Мәдениет министрлігі жанындағы халық шығармашылығы үйінде қызмет атқарған.

Тырнақалды жырлары республика жас ақындарының «Жас керуен» (1969) жинағына енген. Одан бергі мезгілде «Лебіз» (1971), «Солидарность» (1973, орыс тілінде, ұжымдық жинақта), «Толағай тау», «Ой ағысы», «Сарыарқа», «Махаббат дастаны», «Аспанға көшкен ауыл», «Күнге табынғандар» атты жыр кітаптары шыққан.

Көптеген шетел ақындарының өлеңдерін, сондай-ақ 100-ге тарта кинофильмдерді қазақшаға аударған.


Шығармасы:

Тілеужанұлы, З. Қаракерей Қабанбай [Мәтін] : тарихи роман / З. Тілеужанұлы. - Алматы : Алаш, 2009. - 240 б.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 403.

Қуанғалиева Анар. Жерлестерімен қауышты // Егемен Қазақстан. - 2013. - 2 ақпан.