Тілегенов Бекежан (1934-1998)
25.08.2013 10:27

1Бекежан Тілегенов 10 наурызда бұрынғы Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка селосында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Республикалық жастар газеті «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас алаш») бастапқы кезде әдеби қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі болған. 1965 жылы партиялық жұмысқа ауысып, Алматы қалалық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. Одан кейін бірер жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. 1969 жылдан Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті мәдениет бөлімінде нұсқаушы, әдебиет секторының меңгерушісі қызметін атқарған.

1975-1989 жж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы, әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1993-1996 жж. ҚР Тіл комитетінің бөлім бастығы болған. 1969 жылы Мәскеуде өткен жас жазушылардың бүкілодақтық бесінші кеңесіне қатысқан. «Қазақ совет әдебиетінің интернационалдық дәстүрлері және оның ұлттық негізінің баю жолдары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 401.


Шығармалары:

Тілегенов, Бекежан. Атамекен [Мәтін] : роман, повестер,әңгімелер / Б. Тілегенов. - Алматы : Жазушы, 1986. - 560 бет.

Тілегенов, Б. Тұйық өмірдің құпиясы [Мәтін] / Б. Тілегенов. - Алматы, 1992. - 334б.

Тілегенов, Бекежан. Әдебиет - оның өмірі [Мәтін] / Б. Тілегенов // Жалын. - 2010. - №4. - Б.

15-17.

Тілегенов Бекежан. Біз Ілияс Есенберлинді неге жек көрдік [Мәтін] // Жалын. - 2009. - № 8. -

Б.35 – 41.