Сейсенбаев Роллан
25.08.2013 10:15

1Роллан Сейсенбаев 1946 жылы Семейде туған. 1970 жылы Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Облыстық комсомол комитетінде істеген. Кейін М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы КСРО Жазушылар одағы басқармасының қазақ әдебиеті жөніндегі кеңесінің жауапты хатшысы болған.

Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрді. «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды. Пьесалары республикалық театр сахналарында қойылған. Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударуға ат салысты.

Қазақстан комсомолы сыйлығының (1980), ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.


Шығармалары:

Сейсенбаев, Роллан. Бар мен жоқтың өлшемі бір өзінде [Мәтін] / Р. Сейсенбаев // Ертіс өңірі. - 2010. - 14 сәуір. - Б. 10-11.

Сейсенбаев, Роллан. Асыл Тарбағатай, мен сені ұмытқам жоқ [Мәтін] : [Туған жерге арналып жазылған эссе] / Р. Сейсенбаев // Дидар. - 2012. - 17 ақпан. - Б. 6-7.

Сейсенбаев, Роллан. Кітап өлмесе, өме қапсын [Мәтін] : [Кітап туралы эссе] / Р. Сейсенбаев // Дидар. - 2012. - 30 наурыз. - Б. 19.

Сейсенбаев, Роллан. "Мылтық билеп тұрғанда әділет жоқ" [Мәтін] / Р. Сейсенбаев // Егемен Қазақстан. - 2012. - 7 сәуір. - Б. 5.

Сейсенбаев, Роллан. Ясная поляна [Мәтін] / Р. Сейсенбаев // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 16-22 наурыз. - Б. 7.

Шығыстың жеті ақыны [Мәтін] = Семь поэтов востока : 10-летию Республики Казахстан посвящется / ред. Р. Сейсенбаев. - Семей : Аманат, 2007. - 170 с.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 353.

Сабырбай, Қ. Сана мен сапа немесе кітапты ардақтайық, аялайық ағайын! // Егемен Қазақстан. - 2010. - 27 қаңтар. - Б. 4.