Сәрсеке Медеу
25.08.2013 10:11

29Жазушы Медеу Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданының Қайнар кеңшарында туған. Орта мектепті 1953 жылы бітіріп, Қазақтың Политехникалық институтына түсіп, білім алып шыққан соң журналистикаға келеді. «Лениншіл жас» газетінде жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі болып қызметін бастайды.

Кейіннен Семейге келіп, зауытқа инженер болып қызмет етеді. Өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүреді. Әрине, басты қызметі әдебиет болды.

«Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Өзі ортасында жүрген өндірістің қилы-қилы сырларын, онда еңбек ететін адамдар туралы күрделі шығармалар жазады.

Ол алтын, күміс ақтарған, мырыш тасқындатқан кенді Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық» романын, кейіннен жалғасы ретінде «Көмбе» романын жазады.

2002 жылы академик Қаныш Сәтбаев жайлы орыс тілінде «Планета Сатпаева» және «Через тернии» кітаптары оқырманға жол тартқанда саналы ғұмырын қазақтың Қанышына арнаған белгілі жазушы Медеу Сәрсеке атақты ғалымды әлемнің 112 еліне танытқан суреткер еді.

Жазушы тағы да бір есімді оқырмандарына танытып отыр. Ол «Ғибратты ғұмыр» сериясымен шыққан «Ебіней Бекетов» атты еңбек.


Кітаптары:

Сәрсеке М. Абай тойы. - Алматы: Атамұра, 1996. - 288 б.

Сәрсеке М. Қазақтың Қанышы: Роман эссе. - Алматы : Атамұра, 1999. - 592 б.

Сәрсеке М. Тарақты және Қаракесек шежіресі. - Алматы: Атамұра, 1995. - 272 б.

Мерзімді басылымдардан:

Сәрсеке М. Мәскеу «ЖЗЛ» сериясы. 9 - кітап // Егемен Қазақстан. - 2010. - 29 желтоқсан. - Б.13.

Сәрсеке М. Қырық жыл өмірімді Сәтбаевқа арнағаныма титтей де өкінбеймін // Дидар. - 2010. - 27 наурыз. - Б.5.

Сәрсеке М. Газетпен бірге есейдім // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. - Б.5.

Сәрсеке М. Тамыры тереңге жеткен: ғұлама ғалым, әйгілі әдебиетші, ақын, аудармашы, сыншы Ебіней Бекетов туралы // Семей таңы. - 2005. - 18 наурыз.

Сәрсеке М. "Мен қазақпын, жаратылысым да, жаным да - қазақы..." // Егемен Қазақстан. - 2012. - 24 қаңтар. - Б.10 . (- Қ.И.Сәтпаевтың Т.А.Кошкинаға хаттары, 1925-1929 жж.).

Сәрсеке М. Ел тарихы тартқан тауқымет // Егемен Қазақстан. - 2012.- 15 мамыр. - Б.7. - (1943 жылы жарық көрген "История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней" кітабының жазылу тарихы туралы).

Сәрсеке, Медеу. Шығыс елі риза саған, Кешірім // Семей таңы. - 2009. - 13 тамыз. - Б. 4.


Ол туралы:

Аупбаев, Жанболат. Мәскеу, "ЖЗЛ" сериясы, 9 кітап // Семей. - 2011. - 19 қаңтар. - Б. 3.

Бәшей К. Ұлыны ұлықтаудың үлгісі // Ертіс өңірі. - 2004. - 22 қаңтар. - Б.27.

Иманғали, Мейрамтай. Қырық жыл өмірімді Сәтбаевқа арнағаныма титтей де өкінбеймін: Жазушы М.Сәрсекемен сұхбат // Дидар. - 2010. - 27 наурыз. - Б. 5.

Қасымжанұлы, Сәтжан. Қаныш Сәтбаев : энциклопедиясы жарық көрді // Семей таңы. - 2012. - 17 ақпан. - С. 8.

Қырық жылдан кейін // Семей таңы. - 2008. - 28 тамыз. - 7.

Қасенқызы, Л. Рухани қазынаны насихаттады // Семей таңы. - 2009. - 30 сәуір. - Б. 2.

Қасымжанұлы, С. Ел патриоттарының екінші форумы Семейде салтанат құрды // Ертіс өңірі. - 2009. - 10 маусым. - Б. 8-9.

М.Сәрсекенің «Сәтбаев» ғұмырнамасы Мәскеуден шықты // Дидар. - 2003. - 27 желтоқсан. - Б.2. б.