Сапаралы Бейбіт
25.08.2013 10:07

1Жазушы.

1962 жылы 8 ақпанда бұрынғы Семей облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында туған.

1984 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») жур-налының әдеби қызметкері (1984-1997), бөлім меңгерушісі (1987-1989), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеті бас редакторының орынбасары, бас редакторы (1989-1991), «Заман-Қазақстан» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, бас редакторы (1991-1994), «Қазақстан» телерадиокорпорациясының вице-президенті (1994-1995) қызметтерін атқарған. 1995-1997 жылдары шығармашылық жұмыста болды. 1997 жылдан бері «Қағанат» ғылыми-мәдени орталығының президенті.

«Адалбақан» (1992), «Құнанбай қажы» (1995), «Байшөгел» (1995), «Президенттің балалық шағы» (1995), «Олжастың балалық шағы» (1996), «Раббымыз бір - күншығыс, күнбатыста. Восток и Запад - один мир» (2002) атты кітаптары жарық көрген.


Әдебиет:

Жүсіп, Нұртөре Байтілесұлы. Біздің Бейбіт [Мәтін] / Н. Б. Жүсіп // Айқын. - 2012. - 8 ақпан. - Б. 5.

Мүфтиұлы, М. Әнияр Молдабаев [Мәтін] / М. Мүфтиұлы // Абай. - 2009. - №3.

- Б. 24-30.

Нұразхан Еркін. Сөз сойыл // Егемен Қазақстан. - 2010. - 31 наурыз.