Сапаев Ғазиз
21.08.2013 21:06

1Ғазиз Сапаев 1926 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Қарасу совхозының Ақмектеп бөлімшесінде дүниеге келді.

1947 жылы Семей қаласында мұғалімдер институтын, 1952 жылы педагогика институтын бітірген. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында, Семей облысының Аягөз ауданында және Семей қаласында он екі жыл мұғалім боп істеп, мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген.

Жазушы тағдырдың жазуымен жеті жасында әке-шешесімен Қытайға өтті.

1959-81 жылдары облыстық «Семей таңы» газетіне қызметке ауысты. Содан табан аудармай 1981 жылға дейін істеп, зейнеткерлік демалысқа шықты.

Баспадан жеті повесі мен екі драмасы жарық көрді. Екі пьесасы Семейдің Абай атындағы музыкалы драма театрында сахналанды. «Тойым-той», «Қиын екен, қыз дегенің» драмалық шығармалары мыңдаған көрерменге ұсынылды.

Жеке кітап болып шыққан «Жыл Жемісі», «Менің көгершінім», «Гүлдана», «Туған жерден алыста», «Сағыныш» повестері мен әңгімелер жинақтарының авторы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, медальдармен марапатталған.

Әдебиет:

Сапаев, Ғазиз. Бел-Белестер [Мәтін] : өлеңдер, әңгімелер, хикаяттар, естеліктер / Ғ. Сапаев ; ШҚО әкімдігі. - Астана : Фолиант, 2011. - 480 б.

Сапаев, Ғ. Өмір айнасы // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. - Б. 13.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 339.

Мағауина З. Семейді кезінде қалай жырлаған? [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2008. - 5 қараша. - Б. 8.

Төлепберген Мейрамбек. Шекара бұзушы // Егемен Қазақстан. - 2006. - 22 наурыз.

Шарапиева Ләззат. Молдашева Риза: Ұлылар ұлағатын жалғастырған ұрпақпыз //Айқын. - 2009. - 22 желтоқсан.

LAST_UPDATED2