26.01.2011 20:42

Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы

(Қазақстан тәуелсіздігіне - 20 жыл)

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш президентi

Дәйексөз:

Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі -

қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде,

азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев



1

Қ 91.9:6    Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының

Н 90          тұңғыш Президенті. 2 томдық. Т.1. [Мәтін] :

ретроспективтік библиографиялық көрсеткіш / ҚР

Ұлттық кітапханасы. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы,

2010. - 736 б.

Аннотация: Ұсынылып отырған көрсеткіш Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен мемлекеттік қызметі туралы әдебиеттер библиографиясын қамтиды. Көрсеткішке Елбасының сөйлеген сөздері, тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы стратегиясы мен тактикасы жөніндегі ғылыми еңбектердің, монографиялық зерттеулер мен жарияланымдардың библиографиясы енгізілген.

Басылым саясаттанушыларға, тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.


2

67.400.6      Кемеңгер. Н.Ә.Назарбаев әлем назарында [Мәтін] :

К 30             монография : Н.А.Назарбаев: феномен лидерства / Мемлекет тарихи ин-ты; бас ред. Б. Ө. Жақып ; сост. Б. Аяған. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2010. - 320 б.

Аннотация: Ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоятын патриот және ұлт тағдырының жалпы адамзаттық дамумен шендесіп жатқанын терең түсінетін көреген саясаткер ретінде Н.Назарбаевтың халыққа сіңірген тарихи еңбегі уақыт өткен сайын парақталып, бағасы арта түсуде. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да, алғыр басшы. Оның дәлелі, сіздерге ұсынылып отырған «Кемеңгер» атты кітапта бүкіл әлем басшылары қазақ елінің халықаралық беделін, қоғамдағы ұлтаралық қатынастардың, ұлттың әл-қуатын арттыруға деген ұмтылысын көрсетіп отыр. Елбасына деген тілек-лебіздерін жазып, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жолында одан әрі дами беретініне сенімдерін білдірген.



3

Қ63.3      XXI ғасыр - Қазақстанның жұлдызды ғасыры [Мәтін] :

Ж 57       монография / құраст. М. Б. Қасымбеков. - Астана, 2010. - 336 б. - (Жаңа Қазақстан).

Аннотация: Қазақстан Республикасы Президентінің бірегей фотосуреттері топтастырылған бұл кітапта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқырмандарына тек мемлекет басшысы ғана емес, сонымен қатар өз елінің шынайы патриоты, халқының кемел көшбасшысы ретінде ой толғайды.

Жинақта Елбасы Н.Назарбаевтің Отан, Қазақстан халқы, ұлт мәдениетінің ерекшеліктері жайындағы кестелі сөздері, орамды ой-тұжырымдары берілген.



4

Қ 66.38      Әлемдік тұлға [Мәтін] : монография / ред. Д. Қыдыралиев. -

Ә52            Астана : Деловой мир Астана, 2010. - 228 б. - (Жаңа Қазақстан).

Аннотация: Қазақстан Президенті Назарбаевтың әлемдік бейбітшілікке бағытталған жаһандық сипаттағы қызметтері жан-жақты сарапталған бұл жинақта Еуразия кеңістігіндегі 9 мемлекеттің зиялы қауым өкілдерінің мақалалары топтастырылған.



 

5

Қ 63.3(5)       Назарбаев, Нұрсұлтан.

Н 17               Қазақстан жолы [Мәтін] / Н. Назарбаев. - Астана, 2007. – 372 б.

Аннотация: Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы Конституцияны қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек.

Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған.



6

Қ 66.3       Назарбаев, Нұрсұлтан.

Н 17         Елмен сырласу. Т.2. [Мәтін] : сөздер, сұхбаттар / Н. Назарбаев; кеңес. М. Қасымбеков. - Астана : Күлтегін, 2009. - 256 б. - (Қазақстан Республикасы).

Аннотация: «Елмен сырласу» - Қазақстан мемлекеттігінің негізін қалаушы, оның тұңғыш Президенті Н.Назабаевтың қоғамдағы, саясат пен экономикадағы, жаһандық ахуалды талдаудағы алатын орнын, халық алдындағы тарихи парызын терең сезіне білетін азаматтық жауапкершілігін, қажырлы қайраткерлігін ашып көрсететін көп томдық шығарма.