Мирный кентіндегі кітапхана – бөлімшесінің ашылуы
16.06.2013 22:48

Бүгін заман, уақыт талабы еліміздің жастарына сапалы білім мен саналы тәрбиенің жоғары деңгейде берілуін талап етеді. Қазіргі таңда оқырмандардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше.


1 2 3

Осы мақсатта болашақтың ертеңін ойлаған азаматтардың арқасында кітапхана ісі саласына ерекше ықылас пен қолдау көрсетіліп, қалалық маслихат сессиясының шешімімен 2012 жылдың 21 желтоқсанында Мирный кентінде кітапхана – бөлімшесін ашу туралы шешім қабылданып, кітапхананың ашылу салтанаты өткізілді. Шара барысында рухани құндылығымызды көздің қарашығындай сақтап, әдебиет пен мәдениетімізідң жанашыры болып жүрген, кітапхана ісінің қолдаушысы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Көпбаев Берік Көпбайұлына сөз беріліп, аудан тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында, мәдени құндылығымызды сақтауда кітапхана қызметінің жақсы жолға қойылуы бүгінгі таңның өзекті мәселесі екенін ескере, жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың кітапқа деген қызығушылығын, оқуға деген ынта-ықыласын арттыруға кітапхананың тигізер септігін айтып өтті. Парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы кітапхана мәдениетін дамытуда ат салысып жүрген облыстық Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана директоры Айгүл Әлімбекқызы өз сөзінде: еліміздің болашағы зор жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын кітапханадан білім нәрімен сусындаған оқырмандарға өз қуанышын білдіріп, кітапхананың кітап қорына қазақ тіліндегі бірнеше кітаптарын сыйлады.


4 5 6

Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде кітапханаға шашуларымен бірге «Алаштың ән ұраны», «Ертіс толқындары» атты әндерімен Мұрзабаева Мағиша Намысқызы жетекшілік ететін «Ертіс толқындары» ән- би ансамблінің әсем әндерімен өз жалғасын тапқан шараға қала тұрғындары, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Сонымен қата атқарылып жатқан іс- жоспарларымызды іске асыруда білім саласындағы ықпалдастықтың маңызы өте зор. Атаулы шараға егемендігімізді ертеңгі ғасырларға жалғайтын «Жас жұлдыз» балалар орталығының өнерпаздары Төкенова Аяулым «Саржайлау», Елтаев Қанағат «Жаса Қазақстан» атты әндерін орындаса, №26 орта мектептің «Балауса» жазғы лагерінің оқушылары Жумабекова Дильназ «Гүл көбелек» әнін нақышына келтіре шырқап, Сакенова Диана «Зонтик», ал Наурызбаева Еркежан қазақтың «Қара жорға» биін мың бұрала билеп берді. Мәдени шара соңында оқырмандарға кітапхана туралы жаднамалар, жаз маусымы мезгілінде өтетін шаралар жоспарлары таратылып, жергілікті «Семей – Қазақстан», «ТВК – 6» телеарналары мен «Семей таңы» газеті БАҚ- на ақпарат беріліп, қала тұрғындары өз ризашылықтарын білдірді.