|
Мәдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхананың қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қолға алған «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл да өз жалғасын Балалар және жасөпірімдер кітапханасында тапты. |
|
12.06.2013 22:17 |
|
Биылғы акция Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, ірі тұлға Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты жыр жинағы таңдалғаны баршамызға белгілі. Осыған орай кітапханада Фариза Оңғарсынованың өмірі мен, шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Фариза Оңғарсынованың жібек жырлары» атты әдеби-виртуалды салон қаламыздағы Радиотехника және байланыс колледжінің 2 курс студенттерінің қатысуымен өтті.
Шара барысында кітапханашы слайд көрсете отырып жазушының өмірі мен шығармаларын таныстырды. Қазақтың жыр падишасы атанған Фариза апамыздың «Дауа» атты лирикалық өлең кітабынан үзінділер оқи отырып, студенттер оған талдау жасады. Сондай -ақ «Жалғасын тап?» атты жазушының өлеңдеріне викториналық ойын жүргізіліп, онда осы колледжінің студенті Байжигитова Ақмаржан өзінің білімділігімен ерекшеленді. Жиылғандар «Поэзия падишасы» атты көрмені тамашалады. Мұнда «Біздің кәмшат» повесі, «Дауа», «Екі томдық: Таңдамалы шығармалары», «Шілде» тағы басқа шығармалар жинағы мен баспасөз беттерінде жарияланған Фариза Оңғарсынованың өлеңдері қойылған. Сондай-ақ шара барысында осы топтың студенті Дауытбеков Диас домбырамен «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты ақын Мұқағалидің өлеңін шырқады. Студенттер дискіден ақын Фариза апамыздың өлеңі «Қыз монологын» тыңдады. Шараға қатысушылар ақынның өлеңдері мен шығармаларын жыл бойы оқи беретіндіктерін айтып, шараны ақынға арналған арнау өлеңмен аяқтады.
|
|
LAST_UPDATED2 |