Балалар және жасөспірімдер кітапханасында қаламыздағы №31 мектептің «Балдәурен» жазғы лагерінің оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздеріміз – ұлт мақтанышы» атты слайд-сабақ өткізілді.
12.06.2013 22:12

Шара әнұранмен басталды. Кітапханашы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін экраннан слайд арқылы көрсете отырып таныстырды. Келесі кезекте №31 мектептің «Балдәурен» жазғы лагердің оқушылары «Рәміздерім – мақтанышым» атты әдеби-монтаж қойды. Кезек көңілді әнге ұласып, қыздар триосы Б. Тлеухановтың «Елім менің» әнін нақышына келтіріп орындап берді. Балаларға арналған қызықты викториналық ойындар да қызықтыра түсті. «Тосын сый» мұнда шардың ішінде сұрақ пен сыйлық болды. Дәл тауып айтса, сыйлықты ұтып алады, ал таба алмаса көрермендерге кезек берілді. «Қазақстан» жазуымен жазылған шарларды ретімен орналастыру ойыны да өте тартымды болды. Бұл ойынның тәртібінде көзі байланған оқушы шығып «Қазақстан» жазуын ретімен орналастыру керек болды. Кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған «Мемлекеттік рәміздер» атты кітап көрмесі таныстырылды. Iс-шара Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.


1 2 3