Қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Ақын, Алаш қозғалысының қайраткері - М.Жұмабаевтың туғанына 120 жыл» атты поэзия сағаты «Қайнар» колледжінің І курс студенттеріне өткізілді.
12.06.2013 22:08

Өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған ақынның аты соңғы жарты ғасырдан артық уақыт бойы айтылмайтын болған. Сол себепті кейінгі буын бұл ақынды аз біледі. Ақынның кітаптары тиым салу салдарынан сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып жатты. Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық-зомбылық дәуірінің құрбаны болған ақын тағдыры мен шығармаларынан кітапхана қызметкері оқырмандарға кеңінен мағлұмат берді.

Сонымен қатар мәдени іс-шарада қазақ поэзиясының Абайдан кейінгі алыбы - Мағжан Жұмабаевтың «Жастарға», «Жас қазақтар, қайдасын», өз тегін де, өз жерін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, өлең сөздің асыл маржанын төгілткен, сұлу жырымен оқырманын егілткен «Жан сөзі» өлеңі жатқа айтылып, поэзияларынан үзінділер оқылды. Сондай-ақ кітапхананың оқу залында «нағыз ұлттың, әлеуметтің, халықтың сөзін сөйлейтін ақынның әдебиеттеріне толы «Алаштың алдаспаны ақын - Мағжан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.


1 2