Рәш Мыңбай
11.06.2013 22:20

9Рәш Мыңбай 1930 жылы 19 қазанда Семей облысы, Шұбартау ауданының (қазіргі Аягөз) 10 – шы ауылында туған.

Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, «Ара-Шмель» журналдарында бөлім меңгерушісі болған. Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде істеген. «Ғылым» баспасы бас редакторының орынбасары, «Қазақстан» баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет еткен.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы «Алғашқы борозда» деген атпен жарыққа шықты.

Лирикалық, азаматтық өлеңмен бірге, көбінесе сатира жанрында еңбек етеді. Сықақтары, фельетондары мен мысалдары туысқан республикалар тілдеріне аударылған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Құрмет Грамоталарымен марапатталған.


Шығармалары:

Рәш, М. Шабыт шағаласы [Мәтін]. Т.2. : дастандар, толғаулар, баладалар. - Алматы : Баспалар үйі, 2009.- 329 б.

Рәш, М. Жұлдыздар жаңғырығы [Мәтін]. Т.3. - Алматы : Баспалар үйі, 2009. - 320 б.

Рәш, М. Егемен елім ер жетті [Мәтін] // Егемен Қазақстан. - 2009. - 16 желтоқсан. - Б. 12.

Рәш, М. Асқар аға туралы аңыз немесе асыл ағаны аңсау [Мәтін]// Ақиқат. - 2011. - №6. - Б. 80-83.

Рәш, М. Біз тесіп шықты, шындық есіп шықты [Мәтін] // Ақиқат. - 2011. - №5. - Б. 55-57.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса . - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 328.

Мәмет, С. Мыңбайдың ми таспасы [Мәтін] // Егемен Қазақстан. - 2011. - 12 наурыз. - Б. 5.