Оспанов Мұратбек
11.06.2013 22:15

7Мұратбек Оспанов 1962 жылы 26 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қарауыл селосында туған. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

1979 жылы Абай аудандық «Совхоз туы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы болған.

1989 жылы Семей облыстық «Семей таңы» газетінде, 1990-1992 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Шығыс облыстардағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.

1992 жылдан «Абай» журналының жауапты хатшысы, 2003 жылдан бері сол журналдың Бас редакторы болып қызмет істейді.

Ақынның өлеңдері «Аудитория» атты жастардың ұжымдық жинағына енген.

1997 жылы «Сандықтас», 2004 жылы «Дүние дидар», 2005 жылы «Сүмбіле» атты жыр жинақтары жарық көрген.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы.


Шығармалары:

Оспанов, М. Мырзахан ақын жайлы [Мәтін] / М. Оспанов // Семей таңы. - 2009. - 21 мамыр. - Б. 10.

Оспанов, М. Ескерткіш ашылғанда [Мәтін] / М. Оспанов // Ертіс өңірі. - 2009. - 2 қыркүйек. - Б. 1.

Оспанов, М. Мұнайшы [Мәтін] : поэма // Ертіс өңірі. - 2010. - 20 қаңтар. - Б. 13.

Оспанов, М. Сүмбілені сүйемін [Мәтін] // Семей таңы. - 2011. - 22 наурыз. - Б. 3.


Әдебиет:

Әліакбар, С. Мұратбектің қарымы [Мәтін] // Ертіс өңір. - 2009. - 21 қаңтар. - Б. 5.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 315.

Мағауина, З. Семейді кезінде қалай жырлаған? [Мәтін] / З. Мағауина // Ертіс өңірі. - 2008. - 5 қараша. - Б. 8.

Нұғманбекова, Р. Биік шыңға бұлт үйір [Мәтін] // Дидар. - 2009. - 10 тамыз. - Б. 5.