Оразалин Кәмен (1920-2008)
11.06.2013 22:09

5Оразалин Кәмен 16 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында туған. 1939 жылы орта мектепті бітірген соң, Қызыл Армия қатарына алынып, кіші командирлер мектебін бітіреді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиет факультетін 1947 жылы бітірген. Абай ауданындағы орта мектепте зейнетке шыққанға дейін мұғалім болып еңбек етеді.

Абай ауданының Құрметті азаматы.

1950 жылы алғаш рет «Жексен» повесі жарық көрген.

«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі». Октябрь Революциясы, III дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, «Парасат» орденінің және көптеген медальдардың иегері.

Төрт рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.


Шығармалары:

Алтын тамыр. 1-ші том [Текст] : шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы : Библиотека литературы Восточного Казахстана / Кәмен Оразалин . - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 275 б.

Алтын тамыр. 2-ші том [Текст] : Библиотека литературы Восточного Казахстана / Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 415 б.

Оразалин, К. Абайдан соң [Мәтін] : 2-ші том : роман. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 415 б.

Оразалин, К. Абай ауылында [Мәтін] // Семей таңы. - 2011. - 16 тамыз. - Б. 3.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса . - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 310.

Әубәкір, Ж. Қарт Шыңғыстың абызы [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2009. - 6 мамыр. - Б. 12.

Жанғалиев, Т. Менің мұғалімім [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2009. - 18 наурыз. - Б. 12.