Биылғы жылдың 1 маусымында Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бөлімшелерінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған әртүрлі мерекелік шаралар қала бүлдіршіндеріне үлкен қуаныш сыйлады.
01.06.2013 00:00

Атап айтатын болсақ Балалар және жасөспірімдер кітапханасы Орталық саябақта өткен мәдени іс-шараға қатысып «Балаларға күн шуағын шашайық» атты флэш-моб өткізді.

Мәдени шараның мақсаты: жас оқырмандарды кітап оқуға тартып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануына көмек көрсету.

Бүлдіршіндер назарына ұсынылған тартымды безендірілген кітап көрмелерінің ішінен балалар өздерін қызықтырған кітаптарды қолдарына алып, бірі ертегілерді, енді бірі қызықты энциклопедиялар мен т.б. кітаптарды саябақтың ішінде әр жерде тұрып оқыды. Бұл кітаптарға қызығушылық танытқан оқырмандарға кітапханадан алып оқуларына болатыны түсіндірілді. Сонымен қатар түрлі түсті қағаздарға басылып шыққан кітапханада жазғы лагерде өтетін іс-шаралардың жоспары, кітапхана туралы ақпарат жазылған буклеттер таратылды.

Осы мереке барысында Қалалық орталық саябақта мереке күні қыдырып жүрген балаларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлау үшін және олардың музыка өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Әнші балапан» тақырыбында Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері караоке ұйымдастырып өткізді. Кітапханашы: «Караоке жапонша («Kara оkesutora» — «пустой оркестр» (бос оркестр) деген мағынаны білдіреді. Яғни кез – келген өлең айтушы дайын сүйемелдеумен (аккомпанементпен), экраннан оның мәтінін оқи отырып, мелодиясымен үйлестіріп айту», - деп, караокенің ережелерімен таныстырып, қатысушыларға микрофонды ұсынды.

Бұл шараға балалармен бірге ересектер де қызығушылық танытып, ән айтты. Шара барысында заманауи қазіргі заманғы қазақ, орыс, ағылшын әндері шырқалды. Караокедегі әнді нақышына келтіріп айтқандарға сыйлықтар табыс етілді. «Ән көңілдің ажары» дегендей, «Әнші балапан» шарасына қатысушылар ән айтып, алғыстарын айтты.


1 2
3 4
5 6