Қазақ халқының рухын көтеретін намысшыл, білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, олардың бойында өз ұлтына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында, Геологиялық барлау колледжінің 1 курс студенттерінің қатысуымен, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арнап Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Қасіретті жылдар құрбандары» атты ерлік сағаты өткізілді.
29.05.2013 21:00

Кітапханашы осы атаулы дата Қазақстанда 1997 жылдан бастап аталып келетінін айтып, Алаш қозғалысының пайда болуы жайлы студенттерге баяндап берді. Колледж студенттері «Алаштың арыстары» атты әдеби монтаж оқыды. Кітапханашылар Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев сияқты т.б. Алаш арыстарының өмір жолымен және шығармашылығымен таныстырып, слайд арқылы «Абзал есімдер» атты викториналық ойын жүргізді. Шара соңында «Азаттық – алаш арманы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.


3 4