№2 кітапхана-бөлімшесінде № 42 жанында интернаты бар жалпы білім беретін орта мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен О.Бөкейдің туғанына 70 жыл толуы қарсаңында «Алтайдың асыл жыршысы» атты әдеби кеш өткізілді.
29.05.2013 20:57

Әдеби кештің мақсаты: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көкжиегіне көрік берер жарық жұлдыз, алты Алашты аузына қаратқан атақты жазушы, философ, публицист, драматург, жер шарының алтыдан бір бөлігінің небір танымал жазушыларының таңдайын қаққызған ешкімге ұқсамайтын, шеберлігі ширығып шегіне жеткен тамаша талант иесі болған Оралхан Бөкей туралы мағлұмат беру.


1 2

Әдеби кеш жас ақын 7 сынып оқушысы Ахмадиев Төлегеннің «Оралхан ағамызға арнау» атты шығарған өлеңімен ашылды.

Шара барысында кітапхана қызметкері қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы Оралхан Бөкейдің өмір жолы, шығармашылығы, қызметі мен еңбек жолы туралы оқушыларға слайд көрсете отырып таныстырды. Сонымен қатар Оралхан Бөкейдің шығармаларына арналып жасалған виртуалды көрме слайд арқылы оқырмандар назарына ұсынылды.

Сондай-ақ оқушылар өздері оқыған О. Бөкейдің шығармалары туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Әдеби кеш соңында «Оралхан Бөкей - асқақ Алтай жыршысы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, жазушының кітапхана қорында бар шығармаларымен шараға қатысушылар таныстырылды.