Қазақтың ұлттық санасын оятуда, мәдениеті мен білімін арттыруға қосқан теңдессіз үлесі жайлы, «Алаш» көшбасшыларын үлгі ете отырып, өз елін жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу мақсатымен Қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде «31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай «Ұлы тұлғалар - ұлы бастаулар» атты тарихи сабақ Медициналық колледж студенттерімен өткізілді.
23.05.2013 22:26

Кеңес өкіметі жылдарында «жабық» тақырыпқа айналған, есімдері мен еңбектері ескерусіз келген Алаш арыстары туралы еліміз тәуелсіздік алған соң ғана жан-жақты сөз бола бастады: олардың мұралары жарық көрді, зерттеу еңбектер жазылды, есімдері ұлықталды.

Тарихи сабақ барысында тарихтағы өткен ғасырдағы қасіреттік оқиға туралы, Сталиндік соқыр саясаттың арқасында қазақ халқы көптеген қиыншылыққа тап болып, біздің жерлестеріміз де жазықсыз жазаланғандары жайлы кітапхана қызметкері деректерге сүйене отыра, мәлімет берді.

Шараға арнайы шақырылған тарихшы, этнограф Мұхаметқазы Мұхамадиұлы Алаш қозғалысы тарихы туралы әңгімелеп, біздің белсенді оқырманымыз Жазид Машраб, Алаш партиясының белсенді мүшесі болған, қуғын-сүргін кезінде өмір сүрген, ашаршылық, қайғы-қасіретті өз көзімен көрген әкесі Баяділ Машрабтың өмірінен қысқаша естеліктер айтып берді.

Оқырман назарына ұсынылған «Алаш қайраткерлері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге 40-астам кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды, олардың ішінде: «Өнер» баспасынан 2010 жылы «Алаш көсемсөзі» сериясымен жарық көрген 10 томдық кітаптар, «Арыс» баспасынан 2009 жылы шыққан, Алаш. Алашорда Энциклопедиясы, 2011 жылы «Ел-шежіре» баспасынан жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным-Алаш!...» атты 2-томдық кітаптары бар. Шара соңында Алашорда тарихынан сыр шертетін «Алаш» атты деректі фильмнен үзінді көрсетілді.

1913-14 жылдары Семей қаласында Қазақстандық бірінші футбол командалары құрыла бастады: «ССК», «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және «Ярыш». «Ярыш» футбол командасының құрамында кейіннен әлемге әйгілі болған әдебиетші, этнограф, жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов те болған. «Ярыш» командасында М.О.Әуезовпен бірге капитан Ахметсалим Каримов және басқалары Қазақстан футболының дамуына ат салысқан.

Ұлы жазушы, қазақ әдебиетінің классигі, драматург, ғалым-әдебиетші М.О.Әуезов 5 кластық қалалық училищеде оқып жүрген кезінде футбол ойынына қатты қызығушылық танытып, «Ярыш» атты жасөспірімдер командасы құрамында болған. Ахмет Әуезов өз естелігінде Мұхтардың футбол ойынына қалай келгені, оған кімнің ықпал еткені жөнінде қызықты деректер айтады. Мұхтар өзінің достары Ишар, Қасым, Дәку атты қазақ балаларын да футболмен достастырған. Ноғай балалары мен қазақ балаларынан Семей қаласында «Ярыш» атты команда құрылып, оның құрамына 24 адам кірген.