Қоғамдағы ұлттық мән-маңызы бар оқиғаларға жас оқырмандардың назарын аудару, қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің тиімді тұстары көп екенідігін айту мақсатымен №8 мектеп-кешенінің 8 сынып оқушыларымен «Латынға көшу - заман талабы» атты ақпарат сағаты №6 кітапхана-бөлімшесінде өткізілді.
23.05.2013 22:19

Шараны кітапханашы: Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арналған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деген болатын деп бастады.

Бүгінде әлімнің жеті елі ғана кириллицаны қолданатындығын, олар - Ресей, Беларусь, Украина, Болгария, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан, ал латын әліпбиін жер шарының 4 млрд. тұрғыны қолданатындығынан ақпарат берді. Латынға көшу бастамасы қоғамдық санада үлкен жаңғырық туғызғандығына тоқталды. Латын қарпіне көшуді қолдаушылар да аз емес, сөйте тұра қарсы пікір білдірушілер де бой көрсетіп жатқандығын да айтып өтті. Латын қарпіне көшуге кірісуіміз ішкі қажеттіліктен туындап отырғаны жайында түсіндіріп өтті. Шараға қатысушылар өздерін толғандырған Латын әліпбиіне көшу саяси маңызы бар мәселе ме, әлде тілдік қажеттілік пе?, Латын әліпбиіне өтуге қоғамымыз дайын ба?, Латын әліпбиіне көшу - тіліміз үшін жасалған игі қадам ба? т.б сұрақтарына жауап ала отырып, кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттермен және мерзімді басылым беттерінде жарияланған осы тақырып төңірегіндегі материалдармен танысты.