Қазақстан Республикасының бас қаласы, қазақ елінің мақтанышы Астананың 15 жылдығына орай №6 кітапхана-бөлімшесінде №8 мектеп-кешенінің 6 сынып оқушыларына арнап "Астана - арман қала" атты саяхат-ойын өткізілді.
17.05.2013 00:00

Шараның мақсаты: Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу. Оқырмандарды елжандылыққа, өз елінің патриотты болуға тәрбиелеу, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра түсу.

Шара барысында кітапхана қызметкері оқырмандарға ең алдымен тәуелсіздігімізге қалай қол жеткізгендігімізді тоқталып, Астана қаласына деген мақтаныш сезімдерін ұялатта отырып, көрнекті жерлерімен таныстырып, түсініктерін кеңейте түсті. "Астана-арман қала" атты слайд көрсетіліп, оқушылардың Астана қаласына арнап өздері дайындап әкелген «Сезімнен туған өлеңдер» деген тақырыбында тақпақтар тыңдалды. Оқушылардың белсене қатысуымен «Қазақстан» атты сөзжұмбақ шешіліп, оқушылар «Бәйтерек», «Конгресс-Холл» атты екі топқа бөлініп «Ойнайық та, ойлайық» атты викториналық сұрақтарға жауап берді. Екі топ Астана жайлы суреттер салып, әр топ өздерінің салған суретеріне баға беріп, тілектер айтты.