Қазақтың танымал композиторы КСРО халық әртісі, Мемлекеттің сыйлықтың лауреаты Мұқан Төлебаевтың (1913-1960) бір ғасырлық мерейтойына арналған «Ұлы даланың музыкасы» атты әдеби музыкалық кеш ағымдағы Балалар және жасөспірімдер кітапханасында өтті.
04.05.2013 00:00

Қазақтың жаңа еуропалық үлгідегі кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі Мұқан Төлебаев қазақтан шыққан ұлт мәдениетінің өкілі ретінде, көпұлтты мемлекетіміздің музыка өнерінің кеңінен танылуына зор еңбек сіңіріп, музыкалық театрымызды ұлттық бояуы мол мазмұндық жағынан кәсіби биік шыңға көтерді. Композитор шығармашылығы ХХ ғасырдағы қазақ музыкасында айрықша орынға ие.

Әдеби музыкалық кешке арнап композитор өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын арнайы көрме, архивтік фотосуреттерден слайд шоу, Семей Мемлекеттік Пединститутының студенттерінің қатысуымен композитор шығармаларынан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қаранова Меруерт орындаған «Бақыт вальсі» әні мен СМПИ-тың 3 курс студенттері Толеубаева Арайлым мен Абдрахманова Азиза орындаған «Көзімнің мөлдірі» атты халық әні жиналған қауымның көңілінен шықты.


1 2