Қалалық орталық кітапханада қазақтың алғашқы опера өнерінің негізін қалаушы даңқты өкілдерініің бірі, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Әуелеп ұшқан ән ғұмыр» атты сазды кеш қаламыздағы РжБК студенттерінің (30 адам) қатысуымен өткізілді.
28.04.2013 00:00

1Мәдени-іс-шараның мақсаты: атақты сазгер Мұқан Төлебаевтың өмірімен шығармашылығымен таныстырып, артынан қалдырған асыл мұра туындыларың жас ұрпаққа насихаттап, дәріптеу.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы 2013 жылды «Мұқан Төлебаев жылы» деп жариялды, осы орайда еліміздің барлық аумақтарында түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Мұқан Төлебаев «Аманкелді» операсының, ҚазССР Мемлекеттік гимінінің әуенінің авторы болған. Оның «Біржан мен Сара» операсы қазақтың опера музыкасында аса бағалы мұра ретінде ерекше орын алады.

Сазды кешке арнайы шақырылған қонағымыз Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының музыка бөлімінің оқутышысы, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Ұлттық Астана-Байтерек сыйлығының лауреаты, әнші, сазгер Бейсембеков Айтмуханбет қатысты. Қадірменді қонағымыз Мұқан Төлебаевтың шығармаларының тарихынан оқырмандарға мағлұмат бере отырып сазгердің жазған бірнеше шығармаларын орындады. Оның орындауындағы әндер: «Кестелі орамал», «Тос,мені тос» романсы, неаполитан романсы жас көрермендеріміздің ыстық ілтипатына бөленді.

Оқырман назарына «Ғасыр әуені» атты көрме ұсынылып, композитордың өмірі мен қызметі туралы кітаптар, мерзімді басылымдар, ол туралы лебіздер, фотоматериалдар, буклеттер қойылды, «Музыка байтерегі» атты слайд көрсетілді. Шара соныңда құрметті қонағымыз кітапханаға өзінің жазған «Бірі қалжын - бірі шын» атты әзіл-қалжын шығармалар жинағын сыйға тарту етті.

3 4