№6 кітапхана-бөлімшесінде Кітап мерекесі аясында жас оқырмандардың ой-өрістерін кеңейту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында орыстың аса шебер балалар жазушысы Н.Носовтың туғанына 105 жыл толуына орай «Дымбілмес және бәрі-бәрі» атты саяхат-ойын №9 орта мектептің 3 сынып оқушыларына арналып өткізілді.
28.04.2013 00:00

1Шара барысын кітапхана қызметкері көрнекті кеңес қаламгері Н.Носовтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыра отырып жүргізді. Жазушының "Дымбілмес пен достарының хикаялары", "Дымбілмес Күн қаласында" ертегі-романдары балалардың сүйіп оқитын әйгілі шығармалары екендігіне тоқталды. Шығармалардың оқиғалары қызықты, тілі тартымды екендігін, бұл кітаптарды қызықпай, құмартпай оқу мүмкін емес екендігін айта кетті. Шара барысында "Новый герой", "Механик", "Кто это сказал" атты ойындар өткізілді. М.Төлебаев атындағы Музыкалық колледждің жанынан құрылған балалар студиясының оқушылары Тындыкова Айжан, Гурбянова Алена "Новый русский танец" биімен, Рахым Дариға, Жунусова Жамиля "Андежанская полька" биімен шараны көркемдеп отырды.

Жас оқырмандарымыз жазушының ертегі-романдары желісімен түсірілген мультфильмдерді тамашалап, әрдайым сәтсіздіктер мен күлкілі жайларға ұшырап қала беретін кейіпкеріміздің басынан кешкендеріне саяхат жасап қайтты. Ертегі желісі бойынша оқырмандарға викторнина сұрақтары қойылып, жауаптар тыңдалды. Шарға арналып кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалды.

2 3