Балалар және жасөспірімдер кітапханасында қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына байланысты ақынның өмірбаянымен және шығармаларын тереңірек таныстыру мақсатында «Қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы» атты портрет – көрме ұйымдастырылды.
28.04.2013 00:00

Шарада кітапхана қызметкері Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, қызметі, шығармашылығы жайлы баяндама жасап, тыңдаушыларға оның өмірінен, шығармашылығынан үлкен мағлұмат берді. Сондай-ақ, колледж студенті Анар Ерболатқызы А.Байтұрсынұлына арналған жыр-естеліктерді мәнерлей оқып, тыңдаушыларды риза етті.

Сонымен қатар А.Байтұрсынұлының «Маса», «Қырық мысалы», «Замандастарыма», «Шымшық пен көгершін», «Сары шымшық» өлеңдері оқылды. Ақынның жинағын жатқа айтудан осы топтың студенті Ақылбаев Мирас озып шықты Айта кету керек, өз өмірінде халық үшін көп іс тындырған А.Байтұрсынұлы жайлы әңгімелер мен лебіздерді көпшілік ықыласпен тыңдады. Әлбетте, ел ардақтысы А.Байтұрсынұлының қалдырған мұрасы мол. Оның шығармашылығына деген қызығушылық жыл өткен сайын жоғарылай түсуде. Бұл ұйымдастырылған шарадан соң А.Байтұрсынұлының шығармалары қызықтыратын оқырмандардың қатары тағы да көбейді.


1 2