Мұхаметқалиқызы Алмахан
15.04.2013 07:10

Muhametkalikizi

Ақын.

Мұхаметқалиқызы Алмахан 1962 жылы 4 желтоқсанда бұрынғы Семей облысы Мақаншы ауданының Жарбұлақ ауылында дүниеге келген.

Семей пединститутының филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Жаңа-семей ауданының «Ақиқат» газетінде тілші болып бастады. 1983-1985 жылдары Торғай облыстық халық театрында автоклуб меңгерушісі, 1989-1991 жылдары Семей техникалық училищесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, 1992-2010 жылдары Абайдың Семей қаласындағы мемлекеттік қорық-мұражайының аға ғылыми қызметкері болды. Бүгінде Қазақстан Ресей университеті жанындағы «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры.

Ақынның «Жансая» (1999), «Тылсым сыры» (2002), «Жыр-ғұмыр» (2003) атты жыр жинақтары жарық көрген. «Шәкәрім», «Құрсақсыз ана», «Донор және тек» атты поэмалары бар. «Абай поэзиясына 100 жыл» айдарымен республикалық және облыстық басылымдарға Абайдың он тоғыз өлеңіне талдау жасаған мақалалар жариялады. Өлең-жырлары мен зерттеу мақалалары баспасөзде жиі жарық көреді. «Донор және тек» поэмасы «Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту» атты үздік әдеби жинаққа енгізілген.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Жазба ақындардың аймақтық мүшәйрасында (1999) 1 - орын, ақын Мерғали Ибраевтың 60 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық мүшәйрада (2002) бас жүлдені иеленді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның (2006) жүлдегері.

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. – Б.121.

Мұхаметқалиқызы, А. «Сегіз аяқ» [Мәтін] // Семей таңы. - 2009. - 30 сәуір. - Б. 5.

Мұхаметқалиқызы, А. Тұңғыш жинаққа 100 жыл [Мәтін] // Семей таңы. - 2009. - 2 сәуір. - Б. 3.

Мұхаметқалиқызы, А. «Абай жолы» романындағы наурыз нақыштары [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 2-8 сәуір. - Б. 1.

Мұхаметқалиқызы, А. Келі мен келсап [Мәтін] // Айқын. - 2010. - 13 сәуір. - Б. 8.

Мұхаметқалиқызы Алмахан. Қазақ киіміндегі ұлттық сыр // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 9-15 желтоқсан. - Б.1.

http://www.baq.kz

http://thenews.kz

http://adyrna.kz

http://kaz.gazeta.kz