Мұхамедханов Қайым (Ғабдулқайым) (1916-2004)
15.04.2013 07:08

MuhamedzhanovМұхамедханов Қайым 1916 жылы 5 қаңтарда Семей қаласында туған.

Семей педагогика институтының филология факультетін 1941 жылы бітірген. Содан көп жыл әдебиет пәнінің мұғалімі, Абай мұражайының директоры қызметін атқарған, «Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған (1951). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әдебиетке 1930 жылдың орта шенінде келген ол алғашқыда өлең жырлар, драматургия жанрында бірқатар шығармалар жазды, тәржіме жасаумен де көбірек шұғылданды. Әдебиет зерттеуші ғалым ретінде Абай мұрасының текстологиялық зерттеулеріне мол үлес қосты. Абай төңірегіндегі атақты әншілер: Көкбай, Ақылбай, Мағауия туралы, өткен заманның кейбір мұралары жайында зерттеулер, көлемді мақалалар жазды.

«Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт кітаптан тұратын жинақ құрастырды. «Абай» журналының қайта жарық көруіне көп еңбек сіңірді.

Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаевпен бірлесіп Қазақ КСР-нің алғашқы мемлекеттік әнұраны мәтінін жазды.

«Толқын», «Майданнан майданға», «Ер Білісбай» пьесаларының авторы.

Әзірбайжан драматургі У.Гаджибековтың «Аршин мол алан», татар жазушысы Ш.Камалдың «Қажы әпенді үйленеді» пьесаларын қазақшалаған.

1996 жылы «Абай» энциклопедиясын шығарудағы еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. КСРО және Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі. Семей қаласының Құрметті азаматы. Абайдың дүниежүзілік академиясының алтын медалімен марапатталған.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 276.

Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін] / дайын. Қ.Мұхамедханұлы. - Алматы : Дәуір, 1993. - 224 б.

Бапанова Ә. Саналы ғұмырын ақын мұрасына арнаған... [Мәтін] / Ә. Бапанова // Семей таңы. - 2010. - 5 тамыз. - Б. 3.

Абдрабиұлы, Т. Жас өскіннің рухани болмысын оятқан [Мәтін] // Семей таңы. - 2009. - 10 қыркүйек. - Б. 3.

Бердібаева, Р. Алаш рухымен нәрленген [Мәтін] / Р. Бердібаева // Жалын. - 2010. - №2. - Б. 16-17.

Ердембеков, Б. Кәкітай [Мәтін] // Семей таңы. - 2009. - 22 қазан. - Б. 3.

Еспенбетов, А. Абайтанудың көрнекті қайраткері [Мәтін] // Абай. - 2011. - №1. - Б. 50-52.

Еспенбетов, А. Қайран, Кәкең! [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 9 қазан. - Б. 2.

Жаппасұлы, Е. Тарихи тұлға [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 14 наурыз. - Б. 10.

Жоламанова, П. Өшпес із қалдырған [Мәтін] // Семей таңы. - 2009. - 25 маусым. - Б. 2.

Жұртбай, Т. Арын жастан сақтаған... [Мәтін] / Т. Жұртбай // Ертіс өңірі. - 2011. - 5 қаңтар. - Б. 8.

Иманғали, М. Қайым ағамен араласып тұрдым, оны өз әкемдей көретінмін [Мәтін] // Дидар. - 2011. - 27 қаңтар. - Б. 7.

Кәріпбаев, С. Ғалымға арналған кеш [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2010. - 29 қыркүйек. - Б. 3.

Кекілбаев, Ә. Алда тағы асқар таудай парыз тұр [Мәтін] / Ә. Кекілбаев // Жалын. - 2008. - №12. - Б. 11-13.

Қасымжанұлы, С. Қазақтың қайсар ғалымы [Мәтін] // Ертіс. - 2009. - 24 маусым. - Б. 12.

Маманова, Ж. «Абайдай арт жағына сөз қалдырып» [Мәтін] // Абай. - 2009. - №4. - Б. 50-56.

Нұрбаев, С. Ғалым мұраларын сақтап қалу – басты мақсат [Мәтін] // Семей таңы. - 2010. - 14 қаңтар. - Б. 4.

Сейсенұлы, Д. Алаш арыстарының соңғы тұяғы // Егемен Қазақстан. - 2009. - 7 қараша. - Б. 6.

Смағұлова, А. Мұхамедханов және Абай мұражайы [Мәтін] // Семей таңы. - 2009. - 18 маусым. - Б. 3.

Смағұлова, Е. Адам болып жер астына кірдің де, тас мүсін боп шыға келдің үстіне [Мәтін] / Е. Смағұлова // Семей таңы. - 2010. - 14 қазан. - Б. 1-2.

Сыздық, Р. Ол да бір дәурен еді [Мәтін] / Р. Сыздық // Жалын. - 2010. - №2. - Б. 24-27.

Ожайұлы, Ы. Абайды тани алдық па? [Мәтін] / Ы. Ожайұлы // Жалын. - 2010. - №7. - Б. 10-14.