Мұсаұлы Ырысхан (1933-2012)

1

Мұсаұлы Ырысхан 1933 жылы Семей облысының Абай ауданындағы Құндызды ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін журналист мамандығы бойынша бітірген.

Ырысхан Мұсаұлы еңбек жолын 1958 жылы «Лениншіл жас» газетінде бастайды. 1965 жылы облыстық «Семей таңы» газетіне ауысып, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. Сонда қызмет ете жүріп Мәскеудегі Жоғары партия мектебіне оқуға жіберіледі. Оны бітірген соң Маңғыстау облысына қызметке жіберіледі. «Коммунистік жол» деген газеттің іргетасын қалайды. Баспасөзде істеген жылдары жер-жерді аралап, мақала, очерктерді көп жазды.

1977 жылы Семейге қайтып, «Семей таңы» газетіне бас редактор қызметіне кіріседі. Бас редакторлық қызметте жүріп Семей сынды рухани орталықтың рухын көтеріп, халықтың санасын, болмыс-келбетін көтеруде айтарлықтай еңбек сіңірді.

Көп жылдардан кейін 1992 жылы республикалық «Абай» журналына бас редактор болып тағайындалады.

1994 жылғы сандарында «Ағасұлтан» романының бір бөлімі жарық көрді. Қасиетті Шыңғыстау топырағынан өніп шыққан жазушы Ырысхан Мұсаұлының шығармашылығындағы негізгі тақырып - XX ғасырдағы қазақ халқының тағдыры.

2000 жылы жазушының жарық көрген қос томдық прозалық кітаптары этнографиясы мен тілінің байлығы жағынан оқырмандарға үлкен рухани күш берері сөзсіз.

Бірінші кітаптағы «Ағасұлтан» романы тарихи деректерге негізделген. Мұнда Құнанбай қажының күрделі бейнесі берілген.

Жазушының соңғы үш томына «Саға» трилогиясы енген. «Саға» трилогиясының үш бөлімі - «Бейуақ», «Құлқынсәрі», «Қызыл іңір» журнал бетінде, сонан соң жазушының үш томында жарық көрді.

Колхоздастыру кезеңі (ақ пен қызылдың салған қырғыны) мен ашаршылықты (1931-32 жылғы) суреттеген «Құлқынсәрі» - алдыңғы «Бейуақтың» жалғасы іспетті. Ал «Қызыл іңір» - 1937 жылғы әлемді тітіренткен саяси қуғын-сүргін туралы.

Жазушының тарихи романдары, оларға әңгіме, очерктері мен абайтану мәселесіне арналған зерттеулері қосылып бес том кітапқа жүк болды.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Ырысхан Мұсаұлы «Құрмет орденінің» иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1979), Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1983) марапатталған.

Жазушы Рысхан Мусин 2012 жылы қайтыс болды.

Төкен Ибрагимов:

Рысхан Мұсаұлы ортасына, уақытына мол таныс, қадірлі азамат, үлкен журналист еді. Ол Ақтаудан бастап, қайта келіп Семейдегі газеттің үлкен шаруашылығын мойнына көтерген адам болатын. Сонымен бірге әдебиеттегі Абай жолы, Әуезов жолында талмай қатар қызмет етті. Бұл кісінің есімі «Абай» журналымен байланысты. Журнал алғаш ұйымдастырылып, қайта жұмыс істей бастаған тұста да зор еңбек сіңірді. Ешбір штат болмаған сол бір жылдардың өзінде де үлкен адамгершілік қасиетімен, ұйымдастырушылық қабілетімен «Абай» журналының жаңа жол тауып, жаңа тыныс, жаңа сарын алуына мол еңбек сіңірді. Өзі Абайтану мәселесінде мол еңбектері сіңірген кең мінездің, терең ойдың адамы еді. Соңғы жылдары біраз сырқаттанып жүрді. Қаламгердің үш романы да, өзге шығармалары да орыс тіліне аударылып, басылған. Марқұмның өзі: «Мен жазушы болмайтын шығармын. қалай жазушы бола аламын? Ондай мүмкіншілік жоқ еді», – дейтін кейде. Бұл кісі Семейдегі Кәмен Оразалин ақсақалдың інісі ғой. Біз жақын араласқан, сыйлас адамдар едік. Бұл кісіні тек қаламгер, журналист деп қана емес, Оразалин әулетінің, Мұса әулетінің үлкен азаматы ретінде бағалайтынмын. Енді міне, сексенге толарының алдында дүние салып отыр. Бұл біз үшін үлкен, ауыр қаза.

Әдебиет:

Жүнісбеков Болат. Абай рухының мұрагері // Ана тілі. - 2013. - 13 наурыз.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 282.

Ырысхан Мұсаұлы: ауыр қаза // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 19 қазан.

Ырысы мол жан еді...: Ырысхан Мұсаұлы туралы // Алаш айнасы. - 2012. - 20 қазан. http://www.alashainasy.kz

Мұратбек Оспанов: Игілігімізді ит талағандай еткен әкімдер де болды.

http://www.halyksozi.kz

Шығармалары:

Мұсаұлы, Ы. Шығармалар жинағы [Мәтін] : 3-ші кітап : роман, очерк. - Семей, 2003. - 352 б.

Мұсаұлы, Ы. Шығармалар жинағы [Мәтін] : 4-ші кітап : роман. - Семей, 2003. - 352 б.

Мұсаұлы, Ы. «Семей таңы» - ұшқан ұям [Мәтін] // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. - Б. 4.

 
                   1243

 

sem

alash baner1

 

aya

 

zastavka kalendar

banner

 

mirdetey

Көруді ұсынамыз

 

Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С.Пушкина

 

 

Национальная Академическая Библиотека РК

 

 

Библиотечная ассоциация РК

 

<

 

 

Электронные пособия

 

 

БД
 

 

Валюта бағамдары

 

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Тіркелгендер

На сайте зарегистрировано пользователей 42388

qazlat2

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ruhani
engnews.gazeta.kz
elbook

 

logotype

Іс - шара күнтізбесі

Прошлый месяц Наурыз 2020 Следующий месяц
Же Дү Се Сә Бе Жұ Се
week 10 1 2 3 4 5 6 7
week 11 8 9 10 11 12 13 14
week 12 15 16 17 18 19 20 21
week 13 22 23 24 25 26 27 28
week 14 29 30 31

Тіркеу

Қатысу санағы


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6804
mod_vvisit_counterКеше8275
mod_vvisit_counterОсы жұмада15079
mod_vvisit_counterОсы айда223688
mod_vvisit_counterБарлығы7632276

Қазір сайтта: 97

Jivosite



Сұраныс

Для информационных потребностей вы используете?

Интернет - 39.4%
Сайт библиотеки - 45.5%
Печатные издания - 6.1%
Другое - 9.1%