Мироголов Виктор (1939-1998)
15.04.2013 07:01

MiroglovМироголов Виктор Семей облысының Қазаншұңқыр кенішінде туған.

1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің геология география факультетін бітіріп, инженер-гидрогеолог, мектепте оқу ісінің меңгерушісі, «Золотая Чукотка» газетінде бөлім бастығы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының деректі хроникалық бірлестігінде бас редактордың орынбасары, «Жаңа фильм» журналында бас редактордың орыс әдебиеті жөніндегі орынбасары, «Жазушы» баспасы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған, «Простор» журналында істеген.

Баспасөз бетінде 1959 жылдан көріне бастаған. Оның кітаптары Мәскеу, Алматы баспаларынан бірнеше дүркін жарық көрген.

Отыздан астам деректі және ғылыми көпшілік фильмдердің сценарийлерін жазған.

Қазақ қаламгерлері Ә.Таразидің, Д.Досжановтың, О.Бөкеевтің, Ә.Нұршайықовтың шығармаларын, І.Есенберлиннің «Алтын орда» трилогиясын орыс тіліне аударған.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса . - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 271.