Машақов Сәду (1906-1995)

MashakovМашақов Сәду 27 қарашада Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында туған. 1952 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде (1928-1960) бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Алматы қазақ телеграф агенттігінің аударма бөлімінде аға редактор, 1931-1932 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысындағы өкілі, Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, Калинин майданында шыққан «Алға, жауға қарсы» газетінің редакторы, 1944-1945 жылдары Совет Армиясы Жоғары саяси басқармасының аға нұсқаушысы болып қызмет атқарған.

Алғашқы жыр жинағы «Колхоз жыры» деген атпен 1932 жылы жарық көрген. Одан кейін «Балға жыры» (1933), «Жартас» (1934), «Отан үшін» (1938), «Кезеңдер» (1959), «Жылдар мен жолдар» (1962), «Сапарда» (1972) т.б. кітаптары, 1986 жылы «Ақ көңіл» деген атпен таңдамалы өлеңдері мен поэмалар жинағы шыққан.

А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, Тютчевтің, Д.Бедныйдың, тағы басқа орыс классиктерінің, татар ақыны Х.Тақташтың, башқұрт ақыны М.Кәрімнің өлеңдерін тәржімалаған. Сондай-ақ, чех жазушысы Ян Дрданың «Үнсіз баррикада» деген әңгімелер жинағын аударды.

«Қызыл Жұлдыз» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.

Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 263.

Машақов Сәду. Естен кетпес кездесулер [Мәтін] / С.Машақов. - Алматы, 2006. - 208 б.

Мағауина, З. Семейді кезінде қалай жырлаған? [Мәтін] / З. Мағауина // Ертіс өңірі. - 2008. - 5 қараша. - Б. 8.

LAST_UPDATED2  
                   1243

 

sem

alash baner1

 

aya

 

zastavka kalendar

banner

 

mirdetey

Көруді ұсынамыз

 

Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С.Пушкина

 

 

Национальная Академическая Библиотека РК

 

 

Библиотечная ассоциация РК

 

<

 

 

Электронные пособия

 

 

БД
 

 

Валюта бағамдары

 

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Тіркелгендер

На сайте зарегистрировано пользователей 42388

qazlat2

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ruhani
engnews.gazeta.kz
elbook

 

logotype

Іс - шара күнтізбесі

Прошлый месяц Наурыз 2020 Следующий месяц
Же Дү Се Сә Бе Жұ Се
week 10 1 2 3 4 5 6 7
week 11 8 9 10 11 12 13 14
week 12 15 16 17 18 19 20 21
week 13 22 23 24 25 26 27 28
week 14 29 30 31

Тіркеу

Қатысу санағы


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6201
mod_vvisit_counterКеше8275
mod_vvisit_counterОсы жұмада14476
mod_vvisit_counterОсы айда223085
mod_vvisit_counterБарлығы7631673

Қазір сайтта: 86

Jivosite



Сұраныс

Для информационных потребностей вы используете?

Интернет - 39.4%
Сайт библиотеки - 45.5%
Печатные издания - 6.1%
Другое - 9.1%