Мағауин Мұхтар
15.04.2013 06:51

MagauinМұхтар Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген. Еңбек жолы 1965 жылдан басталады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, сонымен қатар Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983-1984 жылдары еркін шығармашылық жұмыста, 1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1987 жылы еркін шығармашылық жұмыста, 1988-2006 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.

Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-шы жылдары негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған. Филология ғылымының кандидаты (1967).

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді.

Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Түркияның халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері (1997).

«Тарлан» сыйлығының лауреаты (2002).


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 254.

Шығармалары:

Мағауин, М. Аласапыран [Мәтін]. Бірінші том / М. Мағауин. - Алматы : Жазушы. - 2009. - 496 б.

Мағауин, М. Аласапыран [Мәтін]. Екінші том / М.Мағауин. - Алматы : Жазушы. - 2009. - 416 б. 12.

Мағауин, М. Көкбалақ [Текст] : роман / М. Мағауин. - Алматы : Атамұра, 2004. - 248 б.

Мағауин, М. Тазының өлімі [Текст] : хикаят, әңгімелер / М. Мағауин. - Алматы : Атамұра, 2004. - 256 б.

Мағауин, М. Қыпшақ аруы [Текст] : хикаяттар / М. Мағауин. - Алматы : Атамұра, 2007. - 256 б.

Мерзімді басымдардан:

Мағауин, М. Тұңғыш немеремнің атын Бату қойдым [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 19 маусым. - Б. 4.

Мағауин, М. Кітап және оқырман [Мәтін] // Дала мен қала. - 2010. - 15 ақпан. - Б. 10.

Ол туралы:

Алтай, А. Нарқызылдың шабысы [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 19 наурыз. - Б. 10.

Елшібек, Ж. Алаштың алмас қылышы [Мәтін] // Айқын. - 2010. - 5 ақпан. - Б. 3.

Кеңшілікұлы, А. Жоққа шығарып тастауға да болмайды [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 29 қаңтар. - Б. 4.

Молдахметұлы, Ж. Әділғазы Қайырбеков: Кейіпкерімді аяп бір күн, бір түн жыладым [Текст] / Ж. Молдахметұлы // Айқын. - 2010. - 3 тамыз. - Б. 8.

Оразов, Бақыт. Төрт Мұхтар - төрт тұлға [Мәтін] / Б. Оразов // Парасат. - 2010. - №4. - Б. 6.

Сейсенұлы, Дәулет. Мұхаңның "Шыңғыс ханы" жарыққа шықты [Текст] / Д. Сейсенұлы // Семей таңы. - 2012. - 10 қаңтар. - С. 8.

Сембай, М. Алаштың алдаспаны [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2010. - 10 ақпан.- Б. 12.

Шаяхметов, А. Сөздері топқа салынған [Мәтін] // Егемен Қазақстан. - 2009. - 4 қараша. - Б. 5.