Намысты ұрпақ бойына туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Мирный кентіндегі кітапхана – бөлімшесінде №2 орта мектептің 9 сынып оқушыларына арналған «Семей қаласының құрылғанына 295 жыл» атты тарихи – танымдық кеш өтті.
12.04.2013 00:00

Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр азаматтың өз табалдырығынан, өз өлкесінен басталады. Тылсым табиғатымен, қазақ тарихына сіңірген қызметімен ерекше дараланатын өлкенің бірі, қилы заманды басынан кешкен Семей қаласы. Намысты ұрпақ бойына туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Мирный кентіндегі кітапхана – бөлімшесінде №2 орта мектептің 9 сынып оқушыларына арналған «Семей қаласының құрылғанына 295 жыл» атты тарихи – танымдық кеш өтті.


1 2

 

Кеш «Туған қалам Семейім» атты өлеңімен ашылып, кітапхана қызметкері слайд арқылы қала тарихына ерекше тоқталып, Семей атауының қашан және қалай берілгені туралы және қаламыздың тарихи, мәдени-рухани орталықтары жайлы кеңінен айтып өтті. 1968 жылы түсірілген, қаламыздың ескі көрінісін бейнелейтін «Семейге 250 жыл» атты деректі фильмнің көрсетілуінен оқушылар ерекше әсер алды. Жергілікті ақын, жазушы Мұрат Сұлтанбековтың «Годы и поколения», «На Иртышском ветру» атты өлеңдерін Барлықбаева Айжан және Каменская Настя нақышына келтіре мәнерлеп оқып берді. Оқушылар Семей қаласының тарихы туралы «Информина» атты ойынға белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Сонымен қатар Семей жерінің көне тарихынан сыр шертетін ескерткіштер туралы экран арқылы виртуалды саяхат-викторинасы ұйымдастырылып, оқушылардың тарихи танымдылығын арттыру жолындағы нәтижелі көрінісі бола білді.

Қала туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған «Сырға толы Семейім» атты кітап көрмесіне шолу жасалынып, кеш соңында сынып жетекшісі танымдық-тарихи игі шаралардың маңыздылығын айтып, алғысын білдірді.