Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде №32 мектептің 4«а» сынып оқушыларымен «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер» атты турнир өтті.
12.04.2013 00:00

Турнирдің мақсаты: құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін, қоғамда құқықтық тәрбиенің маңызы зор екендігін оқушыларға түсіндіріп, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашы жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жан-жақты білім бере отырып жастарды әлеуметтік-экономикалық жағынан қолдау, оларды салауатты өмір салтын ұсауға тәрбиелеу жайында айтып өтті.

Шарада оқушылар «Аламан», «Жігер» болып екі топқа бөлініп викториналық сұрақтарға жауап беріп, ұйымдастырылған ойындарға қатысты. Турнир соңында әр топ капитандары «Менің өз құқықтарым мен жауапкершілігім?», «Өз құқығыңды білу өмірде қалай көмектеседі?» деген сұрақтар бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. Шара соңында ойын қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.


1 2