Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №17 мен №36 мектептердің 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің ең алғашқы кітабым» атты флеш – моб өткізілді.
08.04.2013 23:28

Кітап – адамзаттың көне замандардан келе жатқан жолаушысы, серігі, парасатты ұстазы, адал досы, тарихтың шынайы куәсі екені, рухани байлықты ұрпақтан-ұрпаққа сақтау керектігі жайлы айтып, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапханамыздың кітап қорымен таныстыру, насихаттау, балаларды кітап оқуға шақыру мақсатында

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №17 мен №36 мектептердің 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің ең алғашқы кітабым» атты флеш – моб өткізілді. Шарада кітап оқуға шақыратын, әр түрлі ұрандарды ұстаған жастар кітапхана алдына жиналып кітап оқыды. Қолдарындағы кітапты оқып тұрған жастарға қала тұрғындарының барлығы назар аударды. Флэш-мобтың мақсаты да осы, кітапқа деген елдің назарын аудару болатын.

Сонымен қатар осы Кітап мерекесі аясында №2 кітапхана-бөлімшесінде «Кітап – досым, ақылшым» атты ертеңгілік №20 орта мектептің 3 сынып оқушыларымен өткізілді.


3 4