№6 кітапхана-бөлімшесінде Халықаралық балалар кітап күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне арналған Кітап мерекесі аясында №8 мектеп-кешенінің 4 сынып оқушыларымен «Таңғажайып ертегі әлемінде» атты ертеңгілік өткізілді.
08.04.2013 23:24

Шараның мақсаты: жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, ертегі елінің кейіпкерлері арқылы балаларды адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге үйрету, ертегі айтқызу арқылы өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Шара барысында "Қожанасыр мен жалқау" атты қазақ халқының аңыз ертегісінен М.Төлебаев атындағы Музыкалық ущилишенің студенттері қойылым көрсеттіп, кітапхана қызметкері қазақ халық ертегілерінің кейіпкерелеріне байланысты викториналық сұрақтар қойып, жауаптар тындалып, кітапхананың кішкентай оқырмандары "Ең қымбат байлық", "Айлакер түлкі" ертегілерін мәнерлеп оқыды. Оқушылардың оқыған ертегілері бойынша салынған суреттерінен көрме ұйымдастырылып, ұсынылды.


1 2