Қазақстаннның және КСРО халық артисі, композитор Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай №6 кітапхана-бөлімшесінде Радиотехника және байланыс колледжінің 1 курс студенттеріне арналған "Халқымыздың біртуар перзенті" атты портрет кеші өтті.
08.04.2013 23:18

Шараның мақсаты: ХХ ғасырдың алып тұлғасы, қазақ музыкасының классигі, ерекше дарын иесі Мұқан Төлебаевты еске алу, оқырмандарды өмірі, өскен ұясымен таныстыру, шығармашылығын насихаттау.

Шара барысында кітапхана қызметкері композитор Мұқан Төлебаев қазақтың еуропалық үлгідегі кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі болып саналатындығын, оның 100-ден астам шығармалары, композитордың қаламынан шыққан опералар, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалары, камералық-аспаптық пьесалары, әндер мен романстарының қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отыратындығын оқырмандарға айтып өтті.

Атаулы шарада М.Төлебаев атындағы музыкалық училишенің студеттері ат салысып, шара барысында М.Төлебаевтың "Жастык шақ", "Тос мені тос", "Кестелі орамал"т.б. шығармалары және композиторлық дарынының шырқау шыңы болған «Біржан-Сара» операсынан үзінді тыңдалып, осы училишенің "Кербез" би тобы өз өнерлерін көрсетті. Студенттер Тұрысбекова Балжан, Амантолеуов Жанболат "Есімің ел есінде - дара тұлға" атты әдеби монтаж оқыды. Шара соңында кітапхана қызметкерлері "Халқымыздың біртуар перзенті" атты көрмеге шолу жасады.


1.1 2