Лекеров Асқар (1912-1964)
08.04.2013 23:06

lekerov

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз ауылында туған. 1932-1934 жж. Алматыдағы «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясында істеген.

1934-1936 жылдары армия қатарында болып, 1936-1938 жылдары Алматыдағы журналистер институтында оқыған. Оны бітірген соң, 1941 жылға дейін «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында еңбек етеді. Ұлы Отан соғысына қатысып, одан оралған соң 1946 жылдан «Социалистік Қазақстан» газетінде, 1950-1953 жылдары КОКП Орталық Комитеті жанындағы партия мектебінде оқыды. 1953-1954 жылдары «Әдебиет және искусство» журналы редакторының орынбасары болды. 1954 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы») редактор қызметін атқарды. Әдебиетке 1934 жылдан бастап араласты, кішігірім очерк, әңгімелер жазудан бастады, Еңбектері 1937 жылдан бастап газет-журналдарда жарияланып, 1955 жылы алғашқы өлеңдер жинағы, ал, 1957 жылы әңгімелер жинағы басылып шықты.

Қытай жазушысы Дин-Линнің «Санған өзені үстіндегі күн нұры» деген еңбегін және «Ауған ертегілерін» қазақ тіліне аударды.

Қызыл Жұлдыз, I, II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдар мен марапатталған.

 

 

Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса . - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 253.