Кобрин Вячеслав
08.04.2013 22:59

kobrin v 205Вячеслав Григорьевич Кобрин Тверь губерниясы Оленин ауданы Мясница ауылында 1938 жылы 7 ноябрьде туған.

Тағдыр кішкентайынан қайғы-қасiрет көріп, жақындарынан айыруды жазған: фин соғысында әкесi қаза тапты, әкесiз жүріп екiншi әлемдiк соғыстың қасіретін көрді.

Фашистiк оккупация өзімен бірге соғыс пен қорқыныш, кемсiту және ашаршылық тақсыретін ала келді.

Анасы ұлдарын ашаршылықтан құтқару мақсатында 1944 жылы Украинаға алып келді, Вячеслав Кобрин осында мектепте оқиды, сонан соң Днепродзержинск индустриалды техникумын электротехника мамандығы бойынша аяқтады. Ол 1957 жылы Семейге жұмысқа жіберілді, қала кәсіпорындарында 1993 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді.

40 жылдан астам уақыт ішінде көптеген өлеңдер жазды. Оның ішінде 60-қа жуық өлеңдеріне ән жазылды. Музыкасын жазған сазгерлер - Г. Пономаренко, Л. Афанасьев, В.Шишов, О. Джанияров, М. Рахимбаев, А. Кизнер, В. Захарченко, ағайынды Заволокиндер.

Өкінішке орай, ақынға Семейде жүріп тағы бір бақытсыздықпен - ядролық сынақ полигонымен жүздесуге тура келді. Үш соғыс (фин соғысы, екінші дүниежүзілік соғыс, Семей полигоны) ақынның жан-дүниесін өрт болып шарпыды.

Балалардың болашағы, полигон аймағында тұрған адамдардың денсаулығы үшін қорқыныш, үрей В.Кобринды ядролық қаруды сынауға қарсы белсенді күрескерлердің қатарында болуға алып келді.

1987 жылы ол Әлем балаларын қорғайтын Семей комитетінің бірінші төрағасы болды.

Полигонға қарсы аяусыз күрес басталды.

В.Кобрин 1995 жылы республикалық Қазақстан халықтары Ассамблеясына мүше болып сайланды.

2002 жылдың наурызында В. Кобрин «Очарованье женской красоты» атты өлеңдер жинағын шығарды. Бұл лирикалық альбомды өзінің әйеліне арнайды. Кітапқа әр жылдардағы өлеңдер енген. Олардың көпшілігі мерзімді басылымдарда жарияланған.

1999 жылы 19 январда В.Кобринге Семей қаласының «Құрметті азаматы» белгісі тапсырылды.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1999 жылғы 14 желтоқсандағы Жарлығы бойынша В.Г.Кобрин антиядролық қозғалысының ардагері ретінде «Құрмет» орденімен марапатталды.


Әдебиет:

Вячеслав Кобрин // Гайнуллина Ф.А. Литература Семипалатинского Прииртышья: Учеб. пособие. - Семипалатинск, 2002. - С. 97-100.